"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, 2024 жылғы 29 наурыздағы Сарыкөл ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес № 2 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыкөл ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 2 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Балғарин |