Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамына жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, Новоильинов ауылдық округі аумағында орналасқан алаңы 38049,8 гектар, Әйет ауылдық округі аумағында орналасқан алаңы 16048,1 гектар, Калинин ауылдық округі аумағында (Қаратомар су қоймасы) орналасқан алаңы 17111,2 гектар, Набережный ауылдық округі аумағында (соның ішінде Халвай а.) орналасқан алаңы 596,2 гектар, Тобыл кенті, Приозерный ауылы (елді мекеннің сызбасынан тыс) аумағында орналасқан алаңы 1921,9 гектар, Бейімбет Майлин ауданы алаңы 2372,4 гектар жер учаскесіне 2027 жылғы 23 мамыр мерзіміне дейін жариялық сервитут орнатылсын.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдау;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Мыржақыпов |