Шектеу іс-шараларын тоқтату және Бауман ауылы әкімінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Бауман ауылы әкімінің 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 10 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министірлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 22 қарашадағы № 265 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Бауман ауылы аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Бауман ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бауман ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бауман ауылының әкімі Е. Андрейчук

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы ауыл

      шаруашылығы Министірлігі

      ветеринарлық бақылау және қадағалау

      Комитетінің Ұзынкөл аудандық

      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________________ А. Алимбаева

  "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
  министірлігі санитарлық-эпидемиологиялық
  бақылау комитеті Қостанай облысының
  санитарлық-эпидимеологиялық бақылау
  департементінің Ұзынкөл аудандық
  санитарлық-эпидимеологиялық бақылау
  басқармасы" республикалық мемлекеттік
  мекемесінің басшысы
  _________________________ Б. Ахметвалеев

О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима села Бауманское от 25 сентября 2024 года № 5 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима села Бауманское Узункольского района Костанайской области от 2 декабря 2024 года № 10

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" и на основании представления руководителя государственного учреждения "Узункольская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 22 ноября 2024 года № 265 РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия на территории села Бауманское Узункольского района Костанайской области в связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятии по ликвидации заболевания бешенства крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решение акима села Бауманское "Об установлении ограничительных мероприятий" 25 сентября 2024 года № 5.

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима села Бауманское Узункольского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего решения направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Узункольского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким села Бауманское Е. Андрейчук

      Согласовано

      Руководитель государственного

      учреждения "Узункольская районная

      территориальная инспекция Комитета

      ветеринарного контроля и надзора

      Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан"

      ____________________ А. Алимбаева

      Руководитель Республиканского государственного

      учреждения "Узункольское районное управление

      санитарно – эпидемиологического контроля

      департамента санитарно - эпидемиологического

      контроля Костанайской области Комитета

      санитарно - эпидемиологического контроля

      Министерства здравоохранения Республики

      Казахстан"

      _____________________________ Б. Ахметвалеев