Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 11 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оған қол қойылған күннен бес жұмыс күні ішінде жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы |
Ж. Шаймарданов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2024 жылғы 2 қазандағы № 3 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 11 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары
№ | Функционалдық мақсаты | Арнайы автокөлікті пайдалану құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер | Әрбір заңды тұлғаға арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары |
1. | Аумақтық статистика бөлімшелерінде статистикалық байқауларды жедел жүзеге асыруға арналған арнайы автокөлік құралдары | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті | 10 |
2. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті | 20 | |
3. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті | 13 | |
4. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті | 11 | |
5. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті | 8 | |
6. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті | 13 | |
7. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті | 11 | |
8. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті | 11 | |
9. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті | 13 | |
10. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті | 20 | |
11. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті | 9 | |
12. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті | 7 | |
13. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті | 13 | |
14. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті | 14 | |
15. | Департамент ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті | 18 | |
16. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті | 5 | |
17. | ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті | 11 |
Ескертпе:
арнайы автокөлік - шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін салыстырып тексеру және нақтылау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Статистикалық жұмыстар жоспарын уақтылы орындау мақсатында статистикалық байқаулар жүргізу кезінде; ұлттық санақ жүргізу; бақылап аралап шығуды жүргізу; әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу; өндірістік қажеттіліктер үшін (интервьюерлер пікіртерім жүргізуі үшін, тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңы және аудан ішінде және ауданаралық (қалааралық, облыс ішінде) автомобиль тасымалдары жоқ елді мекендерге шығу үшін) аумақтық статистика бөлімшелерінде пайдаланылатын жеңіл автомобиль;
жеңіл автомобильдер базасындағы қозғалтқыштың көлемі 2400 текше сантиметрден аспауы тиіс.
2-қосымша 2024 жылғы 2 қазандағы № 3 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 11 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары
№ | Үй-жайдың атауы | Өлшем бірлігі | Бөлменің ауданы |
1 | 2 | 3 | 4 |
---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы үшін: | |||
1. | Серверлік жабдықты орналастыруға арналған үй-жай | Шаршы метр | 70 |
2. | Мұрағатты орналастыруға арналған үй-жай | Шаршы метр | 100 |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері үшін: | |||
1. | Алғашқы статистикалық деректерді қабылдауға және тіркеуге (бақылауға) арналған үй-жай ("Бір терезе"): | ||
Республикалық маңызы бар қалалар бойынша статистика департаменттері | Шаршы метр | 120 | |
Облыс орталықтарындағы статистика департаменттері | Шаршы метр | 100 | |
Қалалар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері | Шаршы метр | 30 | |
Аудандар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері | Шаршы метр | 15 | |
2. | Телефондық пікіртерімнің компьютерлендірілген жүйесіне арналған үй-жай (ТПКЖ): | ||
Республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары бойынша статистика департаменттері | Шаршы метр | 30 | |
3. | Серверлік жабдықты орналастыруға арналған үй-жай: | ||
Республикалық маңызы бар қалалар бойынша статистика департаменттері | Шаршы метр | 50 | |
Облыс орталықтарындағы статистика департаменттері | Шаршы метр | 40 | |
4. | Мұрағатты орналастыруға арналған үй-жай: | ||
Республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары бойынша статистика департаменттері | Шаршы метр | 150 | |
Қалалар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері | Шаршы метр | 15 | |
Аудандар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері | Шаршы метр | 10 | |
5. | Зерттеуші кабинетіне арналған үй-жай: | ||
Республикалық маңызы бар қалалар бойынша статистика департаменттері: | |||
Астана қ. | Шаршы метр | 15 | |
Алматы қ. | Шаршы метр | 22 |