"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 60-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімдерінің жауынгерлік дайындығы бойынша нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы №257 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын жетекшілік ететін бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне және Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр генерал-майор | Ш. Әрінов |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 310 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 60-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және командирлік және жауынгерлік даярлық жүйесіндегі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің (бұдан әрі – әскери бөлім) жеке құрамын оқыту тәртібін айқындайды.
2. Жауынгерлік даярлық-әскери бөлім командирінің оқу процесін жоспарлау, әскери бөлімнің жеке құрамын жүйелі оқыту және тәрбиелеу жөніндегі қызметі. Жауынгерлік дайындықтың негізгі іс-шаралары:
жауынгерлік даярлыққа қойылатын міндеттер мен талаптарды айқындау;
командирлік және жауынгерлік даярлық бағдарламаларын әзірлеу;
оқу процесін құру және жоспарлау;
жауынгерлік даярлықты жүргізу және оны жан-жақты қамтамасыз ету;
кәсіби дағдыларды игеру;
бақылауды ұйымдастыру және көмек көрсету.
3. Әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығының негізгі міндеттері:
әскери бөлімнің мақсаты бойынша міндеттерді орындауға жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу;
әскери бөлімнің төтенше жағдайлар (бұдан әрі - ТЖ) кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды (бұдан әрі - АҚжШЖ) жүргізуге әзірлігі;
барлық санаттағы әскери қызметшілердің жоғары кәсіби біліміне қол жеткізу болып табылады.
4. Әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығына қойылатын негізгі талаптар:
елдің аумағын, оның халқын ТЖ кезінде және олардың туындау қаупі кезінде қорғау үшін әскери бөлімнің мақсатына жауынгерлік даярлықтың бағыты мен мазмұнының толық сәйкестігі;
оқыту мен тәрбиелеу принциптерін қатаң және толық сақтау;
оқыту практикасына озық тәжірибені зерделеу, жалпылау және енгізу;
оқу материалдық-техникалық базасын тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады.
5. Әскери бөлімдегі оқу процесі мына басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес құрылады:
жалпы әскери жарғылар;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрықтары;
әскери бөлімдердің командирлік және жауынгерлік даярлық бағдарламалары;
атыс және жүргізу курстары.
6. Басшылық құжаттарға сәйкес мыналар:
оқу жылының басталуы мен аяқталуы;
оқу кезеңдері және олардың ұзақтығы;
айдағы оқу күндері мен сағаттар саны;
барлық санаттағы әскери қызметшілермен өткізілетін оқу-әдістемелік жиындардың, командирлік сабақтардың ұзақтығы мен саны;
командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығулардың, жойтықтырулардың саны;
қару-жарақты, техниканы және оқу-материалдық базаны пайдаланудың кезекті маусым режиміне ауыстыру мерзімдері;
жаңадан келген толықтыруды қабылдау және оны бастапқы даярлауды жетілдіру мерзімдері және басқа да іс-шаралар анықталады.
7. Оқушылардың санаттары мен оқу пәндері бойынша жауынгерлік даярлықтың мазмұны командирлік және жауынгерлік даярлық бағдарламаларында көрсетіледі. Әскери бөлімнің жедел жауапкершілік аймағының ерекшеліктерін және оған жүктелген міндеттерді ескере отырып, әскери бөлімнің командирі тақырыптардың 20 пайызына дейін және жекелеген сабақтардың мазмұнын нақтылайды, батальонның (жекелеген ротаның) командирі сабақтардың мазмұнын және сабақтарда пысықтауға жататын нормативтерді нақтылайды.
2-тарау. Жауынгерлік дайындықты жоспарлау
8. Жоспарлау деп жауынгерлік даярлық жөніндегі нақты іс-шараларды өткізу орны, уақыты және оларды жоспарлау құжаттарында көрсете отырып, жан-жақты қамтамасыз ету бойынша айқындау және келісу процесі алынады.
Жауынгерлік даярлық жоспарлау әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық бөлімі командирінің шешімі негізінде, тікелей басшылығымен және оның қатысуымен жүзеге асырады. Жауынгерлік дайындықты жоспарлау кезінде:
әскери бөлімде – орындау үлгісі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген жартыжылдыққа жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру туралы бұйрық, айға арналған негізгі іс-шаралардың жоспар-күнтізбесі, жартыжылдыққа арналған жауынгерлік даярлық жоспары;
батальонда – жауынгерлік даярлық жоспары, оқу кезеңіне арналған сағаттардың тақырыптық есебі; бір айға арналған негізгі іс-шаралардың жоспар-күнтізбесі;
ротада (жеке взводта) – бір айға арналған негізгі іс-шаралар жоспары, бір аптаға арналған сабақ кестесі әзірленеді.
9. Әскери бөлімде жауынгерлік даярлық жоспарына:
орындау үлгісі осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген оқу топтарының құрамы, командирлік даярлық пен жауынгерлік даярлыққа арналған сағаттарды есептеу;
орындау үлгісі осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген тақырыптардың тізбесі, олардың мазмұны, күшейту құралдарын бөлу және штабтық жаттығуларға, карталарда және жергілікті жерлерде тактикалық-арнайы, командалық-штабтық жаттығуларға моторесурстарын жұмсау;
орындалу үлгісі осы Қағидаларға 4-қосымшада көзделген мамандар жиындарының тізбесі және оларды өткізу мерзімдері;
орындау үлгісі осы Қағидаларға 5-қосымшада көзделген қосымшалары әзірленеді жартыжылдыққа арналған негізгі спорттық іс-шаралар күнтізбесі;
орындау үлгісі осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген моторесурстары мен оқ-дәрілердің жауынгерлік даярлыққа қажеттілігін есептеу;
10. Жауынгерлік даярлықты жоспарлау шеңберінде:
әскери тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыс жоспары;
оқу-материалдық базаны салу және жетілдіру жоспары;
жүргізушілерді және автомобиль қызметінің басқа да мамандарын техникалық даярлау жоспары;
өнертабыстық және өнертапқыштық жұмыс жоспары;
сыныптық мамандарды даярлау тәртібі;
әскери бөлім ауқымында өткізілетін командирлік, нұсқаушы-әдістемелік, көрсетілімдік сабақтардың кестесі әзірленеді.
11. Әскери бөлім қызметтерінің бастықтары жарты жылға арналған қызметтер бойынша жауынгерлік даярлық жоспарларын әзірлейді, оларға:
аға бастықтардың іс-шаралары және оларды орындау бойынша қызмет жұмысының тәртібі;
бағынысты бөлімшелерді даярлау жөніндегі қызмет бастығының іс-шаралары;
бағынысты бөлімшелермен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды, жаттығуларды және бақылау сабақтарын өткізу мерзімдері;
оқу кезеңіне тактикалық-арнайы, арнайы, техникалық даярлық бойынша барлық лауазымды тұлғаларды даярлауға арналған сағаттардың тақырыптық есебі;
далалық шығу және оқу орталығы мен полигонға шығу мерзімдері;
әскери тәртіпті нығайту жөніндегі іс-шаралар кіреді.
12. Жауынгерлік даярлық жоспары жалпы әскери жарғылар, командирлік және жауынгерлік даярлық бағдарламалары, әскери бөлім командирінің шешімдері негізінде әзірленеді және:
жауынгерлік әзірлік;
офицерлерді, бөлімше бастықтарын және сержанттарды даярлау;
штабтарды дайындау;
бөлімшелерді дайындау; жарыстар (конкурстар);
оқытуға, тәрбиелеуге және әскери тәртіпті нығайтуға басшылық жасау бөлімдерін қамтиды.
1) "Жауынгерлік әзірлік" бөлімінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі жауынгерлік әзірлікті және іс-қимылдарға әзірлікті қолдау және одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша жеке құрамды оқытуға байланысты іс-шаралар көрсетіледі. Офицерлік құраммен өткізілетін көрнекі сабақтардың және бөлімшелермен жауынгерлік әзірліктің әртүрлі дәрежесіне келтіру жөніндегі практикалық сабақтардың (жаттығулардың) мерзімдері (күндері); жауынгерлік әзірлік жоспарларын нақтылау және қару-жарақты, техниканы, жабдықтарды және материалдық құралдар қорларын қолдануға әзірлікте ұстау жөніндегі іс-шаралар айқындалады.
Бұл бөлімде келесі іс-шаралар да көрсетілген:
әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, жұмыс істеу режимдеріне келтіру, ТЖ жою кезіндегі өзара іс-қимыл жоспарларын нақтылау;
жауынгерлік әзірлік бойынша тактикалық-саптық сабақтар;
зардап шеккен халыққа арналған лагерь әкімшілігімен жаттығу (өрістетусіз және өрістетусіз), ТЖ жою кезінде жауынгерлік дайындық және мақсаты бойынша міндеттерді орындауға әзірлік мәселелерін тексеру мақсатында әскери бөлімнің дабылы бойынша көтеру;
қару-жарақтың, техниканың, материалдық-техникалық қорлардың жай-күйін және сақталуын тексеру және басқа да іс-шаралар;
әскери қалашықты және әскери бөлім объектілерін күзету және қорғау жоспарын нақтылау;
2) "Офицерлерді, бөлімше бастықтарын және сержанттарды даярлау" бөлімінде:
мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтар;
құқықтық, әскери-техникалық және басқа да ақпарат;
командалық жиындар мен оқу сабақтарын өткізу күндері;
мамандығы бойынша жаттығу өткізу мерзімі;
бақылау сабақтары, сынақтарды қабылдау күндері;
өз бетінше жұмыс істеу уақыты және лауазымды тұлғаларды өз бетінше даярлауды құрайтын басқа да іс-шаралар көрсетіледі.
Сержанттарды даярлау жөніндегі негізгі іс-шаралар қосымша көрсетіледі:
командирлік сабақтар және оқу-әдістемелік жиындар;
міндеттерді орындау барысында техникадағы, байланыс құралдарындағы, атыс, бөлімшелерді басқару бойынша іс-қимылдар жаттығулары және басқа да іс-шаралар;
3) "Штабтарды дайындау" бөлімінде мынадай іс-шаралар көрсетіледі:
бөлек және бірлескен штабтық жаттығуларды өткізу күндері;
карталарда (жергілікті жерде) командалық-штабтық оқу-жаттығу күндері және тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар;
тактикалық жедел жиналыстар;
байланыс құралдарындағы жаттығулар;
басқару пункттерін орналастыру және жылжыту бойынша жаттығулар және штабты дайындауға байланысты басқа да іс-шаралар;
4) "Бөлімшелерді дайындау" бөлімінде мыналар көрсетіледі:
жас жүргізушілерді даярлау мерзімі мен тәртібі;
тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды өткізу уақыты;
ату және жүргізу жаттығуларын орындау мерзімділігі;
қорғау құралдарын қолдану бойынша жаттығулар және оларда болу ұзақтығына оқыту;
барлық түрдегі жаттығулар;
бөлімшелердің оқу орталығына (полигонға) шығу мерзімдері және бөлімшелерді даярлау ерекшелігін көрсететін басқа да іс-шаралар;
5) "Жарыстар, конкурстар" бөлімінде мыналар көрсетіледі:
тактикалық-арнайы, арнайы (техникалық), атыс, саптық және дене шынықтыру даярлығы; радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша үздік бөлімшеге (есеп, экипаж) жарыстар өткізу мерзімдері;
құтқарушылардың біліктілік сынақтарын өткізу, сыныптық біліктілігін растауға және арттыруға емтихандарды қабылдау мерзімдері және басқа да іс-шаралар;
6) "Оқытуға, тәрбиелеуге және әскери тәртіпті нығайтуға басшылық ету" бөлімінде жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін қамтамасыз етуге; басқару органдары мен бөлімшелердің далалық дағдыларын жақсартуға; әскери тәртіптің жай-күйін жақсартуға бағытталған іс-шаралар көзделеді.
Бұл бөлімде сонымен қатар мыналар көрсетіледі:
оқу жылына (оқу кезеңіне), айға және аптаға міндеттер қою тәртібі мен мерзімдері;
жоғары тұрған инстанциялардың бақылау және көмек көрсету бөлімшелеріндегі жұмыс мерзімдері;
әскери тәртіпті нығайту жөніндегі іс-шаралар;
бөлімшелерді үйлестіру аяқталғаннан кейін бақылау сабақтарын өткізу мерзімдері;
байқап қараулар;
оқу қорытындысын шығару мерзімдері;
жалпы жиналыстарды, әскери-техникалық, әскери-ғылыми және әдістемелік конференцияларды өткізу мерзімдері;
жауынгерлік даярлық үздіктері кеңестерінің мерзімдері;
жауынгерлік даярлыққа, қару-жарақты, әскери техниканы пайдалануға, әскерлер қызметіне талдау жүргізу уақыты және басқа да іс-шаралар.
13. Әскери тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыс жоспары жоғары тұрған сатылардың басшылық құжаттарының талаптары, әскери бөлім командирінің "Оқу кезеңіне жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру туралы" бұйрығы негізінде жеке құжатпен әзірленеді, онда мыналар көрсетіледі:
жеке құрамның әскери тәртібінің жоғары деңгейіне жетудің негізгі бағыттары, жолдары мен тәсілдері;
офицерлерді, бөлімше бастықтары мен сержанттарды әскери тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыс практикасына оқыту тәртібі мен іс-шаралары;
офицерлермен әдістемелік кеңестер, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстың маңызды мәселелері бойынша нұсқаушы-әдістемелік және көрнекі сабақтар;
қоғамдық ұйымдардың төрағалары мен мүшелерімен жиналыстар және басқа да қоғамдық іс-шаралар;
оқу кезеңіне арналған мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарының тақырыбы.
14. Оқу-материалдық базаны салу және жетілдіру жоспары басшылық құжаттарды және оқу материалдық-техникалық базасының нақты жай-күйін ескере отырып әзірленеді, онда мыналар көрсетіледі:
барлық жетілдіру объектілерінің тізбесі және олардың әзірлік мерзімдері;
материалдар мен ақшалай қаражаттарының қажетті саны;
оқу объектілерін жетілдіру мен ұстауға жауапты лауазымды тұлғалар.
15. Жүргізушілерді және автомобиль қызметінің басқа да мамандарын техникалық даярлау жоспарын әскери бөлімнің техникалық бөлімі басшылық құжаттардың талаптары негізінде әзірлейді.
16. Сыныптық мамандарды даярлау жоспарын жауынгерлік даярлық бөлімі әзірлейді, онда оқу кезеңінің басында қанша және қандай сынып мамандары бар және кезең ішінде қанша даярлау жоспарланғаны көрсетіледі.
17. Бір айға арналған негізгі іс-шаралардың жоспар-күнтізбесі штабта әзірленеді және жекелеген іс-шараларды өткізу мерзімдерін нақтылайды, әскери бөлімдегі негізгі іс-шараларды қамтамасыз ету тәртібін нақтылайды. Онда айдың басты міндетін сапалы орындау мақсатында қосымша іс-шаралар жоспарлануда. Жоспар әскери бөлімнің барлық лауазымды адамдарының жеке жұмысын бір айлық жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады және жауынгерлік даярлық жоспарының нысаны бойынша әзірленеді.
3-тарау. Командирлік және жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру
18. Әскери бөлімнің командирі жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту процесінің негізгі ұйымдастырушысы және басшысы болып табылады.
Взводтар (роталар, батальондар, бөлімдер) сержанттары және бөлімшелер (есеп айырысулар, экипаждар, топтар) командирлері (бұдан әрі - сержанттар) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер мен офицерлерді оқыту командирлік даярлық жүйесінде жүргізіледі.
Бөлімшелер бастықтары, мамандар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді оқыту жауынгерлік даярлық жүйесінде жүргізіледі.
19. Офицерлерді командирлік даярлау офицерлерде диалектикалық дүниетанымды, ұйымдастырушылық қабілеттерді, принциптілікті, командирлік ерік-жігерді, өзіне және бағыныстыларға деген талапты, техника, қару-жарақ пен жабдық туралы кәсіби білімді, әдістемелік шеберлікті қалыптастыруға бағытталған және жауынгерлік дайындықпен тығыз байланысты болады.
20. Офицерлерді командирлік даярлау пәндері көздейтін сабақтар:
қызметтік қызметті ұйымдастыру және әскери бөлімді мақсаты бойынша қолдану жөніндегі басшылық құжаттардың талаптарын;
авариялардың мен дүлей зілзалалардың салдарларын жою кезінде АҚжШЖ жүргізу технологияларын;
әскери бөлімнің ұйымдық-штаттық құрылымы, міндеттері, оның жедел мүмкіндіктері және қолданылатын іс-қимыл тактикасын;
әскери бөлімді (бөлімшелерді) жедел жағдайдың әртүрлі жағдайларындағы іс-қимылдарға дайындау әдістерін;
жеке құраммен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу әдістерін, оның ішінде оқытудың неғұрлым тиімді нысандары мен құралдарын; әскери оқыту, тәрбиелеу, уәждеу әдістері және жеке құрамды қойылған міндеттерді ойдағыдай орындауға бағыттауды түсіндіруді.
Командирлік даярлық жүйесінде офицерлер лауазымдық және арнаулы міндеттерді орындау (оның ішінде атқаратын лауазымынан бір саты жоғары), бағынысты бөлімшелерді басқару, АҚжШЖ ұйымдастыру және өткізу бойынша білім мен дағдыларды алады, қойылған міндеттерді орындау, негізделген шешім қабылдау, бағынысты жеке құрамға міндет қою, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету тәртібін меңгереді.
21. Командирлік даярлық шеңберінде офицерлердің білімін, іскерлігін, дағдылары мен командирлік қасиеттерін жетілдіру мақсатында командирлік жиындар мен сабақтар өткізіледі. Жиын барысында офицерлер оқу пәндері және басшылық құжаттарды білу бойынша сынақтар тапсырады.
22. Рота және взвод командирлерінің топтарымен жылына үш күндік екі командалық жиын өткізіледі. Әскери бөлім командирінің орынбасарларымен, қызмет бастықтарымен, батальон командирлерімен және олардың орынбасарларымен командирлік сабақтар айына екі күннен өткізіледі. Әскери бөлімдердің командирлерімен олардың орынбасарларымен және қызмет бастықтарымен командирлік жиындар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басшылығымен жылына бір рет, ұзақтығы үш күнге дейін өткізіледі.
23. Озық тәжірибені жедел тарату мақсатында командалық жиындар мен сабақтар дәйекті түрде - алдымен жоғары тұрған буындарда, содан кейін уақыт бойынша белгілі бір ауысыммен, төмен тұрған буындарда өткізіледі.
24. Оқу уақытының елу пайызы дала жағдайында техника, қару-жарақ пен жабдықты қолдана отырып сабақтарға бөлінеді, сабақтардың жиырма пайызы түнгі уақытта өткізіледі.
25. Өнертабыстық жұмыс шеңберінде офицерлерге оқу кезеңіне әдістемелік ұсынымдарды (әзірлемелерді), оқу-жаттығулар, сабақтар өткізу жоспарларын және басқа да оқу материалдарын әзірлеу бойынша жеке тапсырмалар беріледі.
26. Офицерлердің практикалық дағдылары оқу орталықтары мен полигондардың аумағында өткізілетін тактикалық-арнайы, командалық-штабтық жаттығулар, штабтық жаттығулар және бөлімшелермен сабақтар барысында пысықталады.
27. Сержанттарды командирлік даярлау оқу-әдістемелік жиындарда, сабақтарда ұйымдастырылады және өткізіледі, жеке құраммен жауынгерлік даярлық барысында, нұсқаушы-әдістемелік және көрсетілімдік сабақтарда, нұсқамаларда және бағыныстылармен сабаққа дайындық кезінде, сондай-ақ аға командирлердің (бастықтардың) конспектілерін (сабақ өткізу жоспарларын) бекіту кезінде жетілдіріледі.
28. Командирлік даярлық барысында сержанттар мамандығы бойынша бөлімшені (есептеуді, экипажды) қолдану негіздерін, ТЖ жою жөніндегі міндеттерді орындау кезіндегі оның іс-қимылдарының әдіс пен тәсілдерін, техника мен жабдықтың қаруланған материалдық бөлігін және оны мақсаты бойынша пайдалану тәртібін, лауазымдық және арнаулы міндеттерді зерделейді, командирлік қасиеттер мен әдістемелік дағдыларды дамытады, нысандары мен әдістерін меңгереді, әскери оқыту, тәрбиелеу және оларды практикалық қызметінде қолдануға үйретеді.
29. Сержанттар бөлімшеде өткізілетін барлық сабақтарға қатысады, ал практикалық сабақтар бөлімше командирінің бақылауымен дербес өткізіледі.
30. Сержанттармен командирлік жиындар әр оқу кезеңі басталғанға дейін үш күн ішінде (маусым, желтоқсан) әскери бөлім ауқымында сержанттардың жеке даярлық деңгейін арттыру және бағыныстыларды оқыту мен тәрбиелеу кезінде бірыңғай әдістемелік тәсілдерді әзірлеу үшін өткізіледі.
31. Командирлік сабақтар сержанттардың командирлік оқуының белгіленген күндерінде ай сайын өткізіледі. Сабақтар батальон немесе рота ауқымында ұйымдастырылады және өткізіледі. Командирлік сабақтар болмаған күндері сержанттар қарамағындағылармен сабақтар өткізуге, бөлімшелермен сабақтар мен оқу-жаттығуларға тартылады. Арнайы мәселелер (қызметтер) бойынша сержанттарды оқыту үшін әскери бөлім қызметтерінің бастықтары тартылады.
32. Қарамағындағыларды оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дұрыс шешу үшін қажетті командирлік және әдістемелік қасиеттерді дамыту, білімін, іскерлігін, дағдыларын жетілдіру мақсатында сержанттарды командирлік даярлау негізінен әскери бөлімнің жауапкершілік аймағының ерекшеліктерін ескере отырып, күндіз-түні қиын жағдайда жергілікті жерде (оқу орталығы, полигон, заттай учаске) өткізіледі.
33. Нұсқаушы-әдістемелік және көрсетілімдік сабақтар жиындар, командирлік сабақтар барысында және жеке құраммен сержанттар сабақтар өткізетін жаңа және неғұрлым күрделі тақырыптарды пысықтау алдында өткізіледі. Оларға алдағы сабақтарды ұйымдастыруда және өткізуде бірыңғай тәсіл белгіленеді. Сержанттарды оқытудың негізгі нысаны топтық жаттығулар мен әдістемелік сабақтар болып табылады, онда сержанттар бөлім командирі (есеп, экипаж және взвод) лауазымындағы міндеттерді шешеді.
34. Сержанттармен сабақ өткізу тәртібі бойынша нұсқаманы бөлімше командирі кезекті сабақтар қарсаңында жүргізеді. Онда алдағы сабақтарды өткізу әдістемесі мен тәртібі, оқу-материалдық базаны, оқу құралдары мен тренажерлерді пайдалану бойынша нұсқау беріледі.
35. Жауынгерлік дайындық бейбіт уақытта әскери қызметшілердің күнделікті қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Ол әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық жоспары негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі. Жауынгерлік даярлықтың мақсаты әскери қызметшілерді лауазымдық және арнайы міндеттерді нақты орындауға үйрету, әскери бөлім бөлімшелерін мақсаты бойынша міндеттерді сәтті орындауға дайындау болып табылады. Әскери бөлім бөлімшелерін даярлауда негізгі назар далалық білімді арттыруға, АҚжШЖ жүргізу барысында міндеттерді нақты орындау жағдайларына оқыту процесін барынша жақындатуға, жеке құрамның моральдық-психологиялық тұрақтылығы мен әскери тәртібін нығайтуға аударылады.
36. Жауынгерлік даярлықтың негізгі міндеті олардың кәсібилігін және лауазымдық пен арнайы міндеттерді орындауға әзірлігін арттыру болып табылады.
Әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын әскери бөлімнің командирі оларға жүктелген міндеттерді ескере отырып, оларды игеру мақсатында мыналарды ұйымдастырады:
АҚжШЖ орындау негіздерін, бөлімшелердің міндеттері мен мүмкіндіктерін, қаруды, техниканы, жабдықты пайдалану, оларға қызмет көрсету мен жөндеу және оларды ТЖ-да тиімді пайдалану қағидаларын;
әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің әртүрлі дәрежесіне және жұмыс істеу режиміне келтіру кезіндегі іс-қимыл тәртібін, міндеттерді орындау кезінде бағынысты бөлімшелерді басқару тәртібін;
радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау талаптары, арнайы, техникалық және тылдық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, жалпы әскери жарғылардың ережелерін.
37. Жауынгерлік даярлық шеңберінде бөлімше бастықтары мен мамандар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен мамандықты игеру бойынша жылына екі оқу-әдістемелік жиын (арнайы даярлық), әрқайсысы үш күннен өткізіледі.
38. Жауынгерлік даярлықтың жалпы пәндері бойынша сабақтар құрамы білім алушылардың атқаратын лауазымы мен мамандығын ескере отырып айқындалатын оқу топтарында өткізіледі. Топтың құрамы және оның басшысы әскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады.
Бөлімше бастықтары және мамандар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді оқыту жүргізіледі:
жалпы пәндер бойынша – жалпы топтарда, жиын кезеңінде;
өз мамандығы бойынша оқу пәндері бойынша – атқаратын лауазымдары мен мамандықтары бойынша топтардағы сабақтарда.
Саны аз мамандықтағы әскери қызметшілермен оқу топтары құрылмайды, оларға жеке тапсырмалар беріледі, олардың орындалуын әскери бөлім командирінің жетекшілік ететін орынбасары тексереді.
39. Әскери бөлім командирі рота старшиналарын оқытуға және тәрбиелеуге ерекше назар аударады, олармен лауазымдық міндеттерді орындау, бөлімшелерде ішкі тәртіпті ұйымдастыру, қарауылдық және ішкі қызметтерді ұйымдастыру және атқару мәселелері бойынша сабақтар өткізуге жеке қатысады.
40. Оқу жылы екі оқу кезеңіне бөлінеді. Қысқы оқу кезеңі қаңтардан мамырға дейін, жазғы оқу кезеңі шілдеден қарашаға дейін созылады. Әр оқу кезеңінің алдында дайындық кезеңдері - маусым, желтоқсан айлары тағайындалады. Дайындық кезеңінде оның бастапқы әскери даярлығын толықтыруға және жетілдіруге, белгіленген қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығаруға, командирлік және нұсқаушылық-әдістемелік жиындарды өткізуге, сыныптық біліктілігін растауға және арттыруға, сондай-ақ оқу материалдық-техникалық базасын дамытуға, жетілдіруге, қызмет көрсетуге және дайындауға сынақтар қабылдауға уақыт бөлінеді.
41. Жаңадан келген толықтыруды дайындау жалпы әскери даярлық бағдарламасы бойынша жиынтық бөлімшенің (оқу пунктінің) құрамында ұйымдастырылады және жүзеге асырылады және автоматтан бақылау ату жаттығуларын орындаумен және әскери ант қабылдаумен аяқталады, содан кейін жаңадан келген толықтыру штаттық бөлімшенің құрамында айналысады. Жеке құрамды даярлау және бөлімшелерді үйлестіру оқу кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
42. Әрбір оқу кезеңінің басында штаттық бөлімшелерде жауынгерлік әзірлігі бойынша және ТЖ жою кезіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша келген толықтырудың бірлескен іс-қимылдары пысықталады, бөлімшені үйлестіру жүргізіледі. Үйлестірудің негізі-далалық білім: тактикалық және тактикалық-арнайы, арнайы, техникалық дайындық және көлік жүргізу. Үйлестірудің соңында батальон құрамында әр оқу кезеңінде кемінде бір далалық шығу жүргізіледі. Далалық шығу кезеңінде тактикалық-арнайы, арнайы, техникалық даярлықтың негізгі тақырыптары бойынша, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша бақылау сабақтары мен жаттығулар өткізіледі.
43. Тактикалық-арнайы жаттығулар өткізіледі: роталармен оқытудың әр кезеңінде екі жаттығу, батальонмен – біреуі. Оқу-жаттығулар ТЖ-да АҚжШЖ орындауды көздейтін кешенді тақырыптар бойынша өткізіледі.
44. Дербес дайындық күн тәртібінде көзделген күндер мен сағаттарда жүргізіледі. Қызметтік уақытта аптасына төрт сағатқа дейін дербес даярлауға және дене шынықтыру сабақтарына үш сағатқа дейін көзделеді.
45. Командирлік және жауынгерлік даярлықты әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық бөлімі әрбір топ (шағын топ) үшін оқу жылына жоспарлайды, тақырыптар, сабақтар және әрбір оқу-әдістемелік жиында (сабақта) пысықталатын сағат саны айқындалады. Командирлік және жауынгерлік даярлық бойынша сабақ кестелері әрбір топ (шағын топ) үшін бір айға әзірленеді және сабақ жетекшілері мен білім алушыларға алдын ала хабарланады.
46. Сабақтарды есепке алуды оқу тобының басшысы жүргізеді, барлық сабақтар мен жеке тапсырмалар журналдарда есепке алынады. Оқу кезеңі мен оқу жылы аяқталғаннан кейін әрбір әскери қызметшіні дербес даярлаудың қорытынды нәтижелерін оқу топтарының басшылары әскери бөлім командиріне баяндайды және әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығын есепке алу журналына енгізіледі.
Командирлік және жауынгерлік даярлықты есепке алу әскери бөлімнің, батальонның немесе ротаның штабында жүргізіледі. Өткізілген сабақтар бойынша есепті материалдарды сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №54 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №289 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, ведомстволардың, аумақтық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде жасалатын құжаттардың сақтау мерзімдерін көрсетіп, тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығында көрсетілген.
4-тарау. Жауынгерлік дайындыққа басшылық ету
47. Жауынгерлік даярлыққа басшылық ету – ұйымдастырушылық тәртіптің тұрақты педагогикалық күш-жігері мен шараларын көздейтін басқару процесі білім алушылардың әртүрлі санаттарын оқыту және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді іске асырудың мақсаттарын, бағыттарын, жолдарын, нақты нысандарын, әдістерін, тәсілдерін айқындаудан тұрады.
48. Жауынгерлік даярлыққа басшылық жасау жауынгерлік даярлық жоспарында және басқа да басшылық құжаттарда көзделген іс-шаралардың орындалу сапасын жолға қойылған есепке алуды және бақылауды білдіреді және мыналарды қамтиды:
басшылық құжаттардың талаптарын қатаң сақтау;
жауынгерлік дайындық іс-шараларын мұқият ойластырылған жоспарлау;
білім алушылардың барлық санаттарына тапсырмаларды уақтылы және нақты қою және олардың орындалуын ұйымдастыру;
офицерлердің, бөлімше бастықтары мен сержанттардың кәсіби мен әдістемелік даярлығын ұдайы жетілдіру;
жауынгерлік даярлық барысына жүйелі бақылауды жүзеге асыру және бағыныстыларға оқуды ұйымдастыруға және әскери тәртіпті нығайтуға көмек көрсету;
озық тәжірибені зерттеу және енгізу;
оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіру және оны оқыту кезінде тиімді пайдалану.
49. Жауынгерлік даярлыққа басшылық ғылыми және жедел жүзеге асырылады:
1) жауынгерлік дайындыққа ғылыми жетекшілік ету мыналарды көздейді:
жауынгерлік дайындық міндеттерін түсіну;
жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін объективті қарау және өзара қамтамасыз ету;
ТЖ жою жөніндегі міндеттерді орындауда техниканы, қару-жарақты және бөлімшелерді қолдану нысандары мен тәсілдерін дамыту перспективаларын болжау;
жаңашыл идеяларды, озық технологияларды және экономикалық әсерді жалпылау және тәжірибеге енгізу;
2) жедел басшылыққа:
жоспарлау құжаттарына өзгерістер мен нақтылауларды уақтылы енгізу және әскери қызметшілерді оқытудың жаңа талаптары мен озық тәжірибесін ескере отырып, олардың орындалуын ұйымдастыру;
бейбіт және соғыс уақытында міндеттерді шешу үшін әскери бөлімнің мақсатын ескере отырып, оның тұрақты жауынгерлік әзірлігі;
бөлімшелерді оқытуда қарапайымнан күрделіге дейін әдістемелік реттілікпен және оларды даярлауды батальонның (ротаның) тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларын өткізумен аяқтау;
барлық санаттағы әскери қызметшілердің міндеттері, оқыту пәндері және оларды даярлау мерзімдері бойынша даярлаудың келісімділігі;
далалық жоғары білімге, тактикалық-арнайы дайындыққа қол жеткізу және оқу жағдайларын ТЖ нәтижесінде мүмкін болатын нақты жағдайға барынша жақындату;
техниканың, қару-жарақ пен жабдықтың мүмкіндіктерін кәсіби зерттеуге, оларды игеруге және тиімді пайдалануға бағытталған оқыту процесінің жоғары сапасы;
оқу уақытын, оқу материалдық-техникалық базасын қарқынды пайдалану, мотор ресурстарын, оқ-дәрілерді және материалдық-техникалық құралдарды үнемді жұмсау арқылы қол жеткізіледі.
50. Жауынгерлік даярлыққа басшылықты жүзеге асыра отырып, барлық дәрежелі командирлер (бастықтар) басшылық құжаттардың талаптарын мүлтіксіз орындауға қол жеткізеді. Әскери бөлім командирінің басшылықты ұйымдастырудағы рөлі жауынгерлік даярлықтың барысы мен сапасына, бөлімшелер мен жалпы әскери бөлімнің далалық білім деңгейіне әсер ету кезінде айқындаушы болып табылады.
51. Жауынгерлік даярлықты есепке алу жауынгерлік даярлық жоспарының орындалу барысын, мамандардың жауынгерлік білім деңгейін, есептеулер мен бөлімшелерді, олардың мақсатына сәйкес міндеттерді орындауға дайындығын, кезекті оқу жылына (оқу кезеңіне) жауынгерлік даярлықты жоспарлау үшін деректерді жүйелеуге құжаттамалық бекітуге, тойтаруға және талдауға арналған.
52. Есепке қойылатын негізгі талаптар:
есепке алу деректерінің анықтығы және жауынгерлік даярлық жоспарының орындалу барысының, жеке құрамның әртүрлі санаттарының дайындық деңгейінің және бөлімшелердің, тұтастай әскери бөлімнің жауынгерлік үйлесімділік дәрежесінің толық сипаттамасы;
аға командирге (бастыққа) есепті құжаттарды толық есепке алу және уақтылы ұсыну;
әскери бөлімнің жеке құрамын оқытуда анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауынгерлік даярлықты жан-жақты талдау және қажетті шаралар қабылдау мүмкіндігі болып табылады.
53. Жауынгерлік даярлық нәтижелерін және олардың орындалуын есепке алу жүргізіледі:
взводта - жеке және бөлімшелер үшін;
ротада - жеке, бөлімшелер мен взводтар үшін;
батальонда - жеке офицерлер, сержанттар, взводтар мен роталар үшін;
әскери бөлімде - жеке офицерлер, сержанттар, жекелеген бөлімшелер мен батальондар үшін.
54. Әскери бөлімде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру мен есепке алуды әскери бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, бөлімшелерде батальондар, роталар мен взводтар командирлері қамтамасыз етеді.
55. Жауынгерлік даярлықты жоспарлау мен өткізуді жалпы бақылауды әскери бөлімнің командирі орындайды. Бақылау бөлімшелердің жоспарлы жауынгерлік даярлығын қамтамасыз ету және оқу жылына (оқу кезеңіне) бұйрықтарда және басқа да басшылық құжаттарда қойылған міндеттерді орындау мақсатында жүзеге асырылады.
Әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығы мен оқу-жаттығу барысын бақылаудың негізгі нысандары: бақылау сабақтары, байқаулар, сынақтар, емтихандар, қорытынды тексерулер және жеке мәселелер бойынша тексерулер, оқу-жаттығулар және инспекциялау болып табылады. Жауынгерлік даярлықты бақылау жөніндегі іс-шаралар жауынгерлік даярлық жоспарында көрсетіледі.
Бөлімшелерге бақылау және көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың жоғары тиімділігіне лауазымды адамдардың бақылауды жүзеге асыруы, практикалық көмек көрсетуі және анықталған кемшіліктер мен болу себептерінің қайталануын болдырмау арқылы қол жеткізіледі.
56. Әскери бөлімде жауынгерлік даярлық барысын бақылау мақсатында бөлімшелерге бақылау және көмек көрсету жоспары әзірленеді, онда мыналар көрсетіледі:
бақылау және көмек көрсету мақсаты;
кешенді (нысаналы) комиссияның (топтың) құрамы және оның басшысы;
комиссияның (топтың) жұмыс уақыты мен ұзақтығы;
бақылау мен көмек көрсетудің негізгі мәселелері;
бақылау және көмек көрсету нәтижелерін талдау уақыты мен орны.
57. Жауынгерлік дайындық барысына оның нәтижелерін уақтылы шығару айтарлықтай әсер етеді. Қорытынды шығарылады:
бөлімшеде, взводта - күн сайын;
ротада - апта сайын;
батальонда - тоқсан сайын;
әскери бөлімде - тоқсан сайын және оқу кезеңінде.
58. Әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығына, қару-жарақты, техника мен жабдықты пайдалануға бұйрықтар шығара отырып талдау әскери бөлімде ай сайын жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсынылады.
20___ жылғы 1-жартыжылдыққа арналған _________ әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық ЖОСПАРЫ
№ | Іс-шаралар | Кім тартылады | Кім өткізеді | Өткізу мерзімі | ||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | Орындау туралы белгі | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
А. Аға бастықтың жоспары бойынша | ||||||||||
Б. Әскери бөлім командирінің жоспары бойынша | ||||||||||
I. | Жауынгерлік әзірлік | |||||||||
II. | Командирлік және жауынгерлік дайындық | |||||||||
III. | Штабтардың дайындығы | |||||||||
IV. | Бөлімшелер дайындығы | |||||||||
V. | Жарыстар (конкурстар) | |||||||||
VI. | Әскери тәртіпті оқытуға, тәрбиелеуге және нығайтуға басшылық жасау |
Қосымшалар:
1. Оқу топтарының құрамы және офицерлер мен сержанттарды командирлік даярлауға арналған сағаттарды есептеу.
2. Тақырыптар тізбесі, олардың мазмұны, күшейту құралдарын бөлу, тактикалық-арнайы және командалық-штабтық жаттығуларға моторесурстарын шығысы.
3. Мамандар жиындарының тізбесі және оларды өткізу мерзімдері.
4. Оқу жылына арналған негізгі спорттық іс-шаралар күнтізбесі.
5. Жауынгерлік даярлыққа моторесурстары мен оқ-дәрілердің қажеттілігінің есебі.
___________ әскери бөлім командирі (әскери атағы, қолы, тегі)
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 2-қосымша |
Оқу топтарының құрамы, командирлік даярлық пен жауынгерлік даярлыққа сағаттарды есептеу
I. Топ құрамы, басшылар 1. Офицерлер: №1 топ (топ құрамы, басшылар) және т.б. 2. Сержанттар: №2 топ (топ құрамы, басшылар) және т.б. 3. Сарбаздар: № 1 топ (топ құрамы, басшылар) және т.б. II. Оқу пәндері бойынша сағаттарды есептеу
Оқыту пәндері | Оқу жылына сағат саны | Қысқы оқу кезеңі | |||||
Кезеңдегі сағат саны | оның ішінде айлар бойынша: | ||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | |||
1. Офицерлер | |||||||
2. Бөлімшелер бастықтары | |||||||
3. Сержанттар | |||||||
4. Сарбаздар |
___________ әскери бөлім командирі (әскери атағы, қолы, тегі) Бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары (әскери атағы, қолы, тегі)
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 3-қосымша |
Тақырыптар тізбесі, олардың мазмұны, күшейту құралдарын бөлу, тактикалық-арнайы және командалық-штабтық жаттығуларға моторесурстарын шығысы
Оқу-жаттығу, штабтық жаттығу кіммен өткізіледі | Оқу-жаттығу және штабтық оқыту тақырыптары | Күшейту құралдары | Өткізу мерзімі | Өткізу орны | Кім өткізеді | Бірлікке шаққандағы моторесурстар шығысы, км (м. сағ.) |
Тактикалық-арнайы жаттығулар | ||||||
Командалық-штабтық жаттығулар (жергілікті жерде) | ||||||
Штабтық жаттығулар (жергілікті жерде) |
___________ әскери бөлім командирі (әскери атағы, қолы, тегі) Штаб бастығы – бөлім командирінің бірінші орынбасары (әскери атағы, қолы, тегі)
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 4-қосымша |
Мамандар жиындарының тізбесі және оларды өткізу мерзімдері
Жиынға тартылатын мамандар санаты | Өткізу мерзімі | Өткізу орны | Кім өткізеді | Өткізу үшін негіздеме (бұйрықтар және т. б.) |
Аға командирлердің (бастықтардың)жоспары бойынша | ||||
Әскери бөлімнің жоспары бойынша |
Штаб бастығы – _____________әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары
(әскери атағы, қолы, тегі)
______ әскери бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары
(әскери атағы, қолы, тегі)
______ әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары
(әскери атағы, қолы, тегі)
____ әскери бөлім командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары
(әскери атағы, қолы, тегі)
_____ әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары
(әскери атағы, қолы, тегі)
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 5-қосымша |
20__ жылғы 1-жартыжылдыққа арналған негізгі спорттық іс-шаралар күнтізбесі
Іс-шаралар, қайда өткізіледі | Кім тартылады | Қысқы кезең | Жазғы кезең | ||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | ||
Төтенше жағдайлар министрлігінде | |||||||||||
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің арасында | |||||||||||
Әскери бөлімде |
______ әскери бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары
(әскери атағы, қолы, тегі)
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 6-қосымша |
Жауынгерлік даярлыққа мотор ресурстары мен оқ-дәрілердің қажеттілігінің есебі
Моторесурстар
Моторесурстар тұтынудың жылдық нормалары
Машина маркалары | Өлшем бірлігі, км (м. сағ) | Машиналар тобы | |||
Жауынгерлік | Саптық | Оқу | Көлік | ||
Жауынгерлік даярлыққа арналған моторесурстар шығысы
Оқу пәндері, сабақ тақырыптары және жаттығу нөмірлері | Сабақтар (жаттығулар)саны | Моторесурстардың шығысы, км (м. сағ) | |
Бір сабаққа (жаттығуға) | Барлығы | ||
Оқ-дәрілер
Бөлімшелер | Іс-шаралар, саны | Оқ-дәрілер, дана | Жарықтандыру және еліктеу құралдары | ||||
атыс жаттығулары, жарыстар | сабақтар, ілімдер | Патрондар, мм | Патрондар | Еліктеу құралдары | |||
1-оқу ату жаттығуы | 1 | 5,45 | 9,0 | бос патрон 5,45 мм | дабыл | ||
______ әскери бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары
(әскери атағы, қолы, тегі)