Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 02 ақпандағы № 2439-ЕL пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияның негізінде Торайғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі Торайғыр ауылы аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Copper Exploratoin Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау келісім бойынша жүргізілсін.
2) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;
3) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Торайғыр ауылдық округінің әкімі | М. Молшин |
Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы "15" қарашадағы № 1-05/10 шешіміне қосымша |
Р/с | Пайдаланушы | Ауданы, гектар | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жертелімінің орналасқан жері |
1 | "Copper Exploratoin Group" жауапкершілігішектеулісеріктестігі | 2 828,7 | Қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін | 2030 жылдың 02 ақпанына дейін | Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі аумағында 14-205-043 |