Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" № 294 бұйрығына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Аудан әкімі | А. Шайхимов |
Железин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы "5" шілдедегі № 168/7 қаулысымен бекітілген |
"Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімінің аппараты) Майлы ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Әкім аппараты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
7. Әкім аппаратының орналасқан жері: Индекс 140400, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Железин ауданы, Майлы ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 құрлыс.
8. Әкімінің аппаратын аудан әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
9. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
10. Әкімінің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
2 тарау. "Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
11. Міндеттері:
әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;
ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі әкімнің қызметін қамтамасыз ету;
әкімнің басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылы.
12. Функциялар:
1) Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының мен жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
ауылдық округтің бюджетін әзірлейді;
жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды,
жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемелекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік құқығын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтiп ұстауды қамтамасыз етедi;
өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасы "Нотариат туралы" Заңына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Заңына сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеуге жәрдемдеседі;
аз қаматамасыз етілген тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді;
қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;
халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
қылмыстық-түзету инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
"Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жұмыссыздарды есепке алуға жәрдемдеседі;
қылмыстық-түзеу қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жазаның осы түріне сотталған адамдарға қоғамдық жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады;
жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;
статистикалық және шаруашылық есепке алуды жүзеге асырады;
жергілікті бюджетті бекіту кезінде аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысады;
өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауға жәрдем көрсетеді және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
елді мекен жерлерінде мал жаюға арналған орындарды анықтайды;
тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдайды;
тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешім қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді;
жер қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға береді;
қоғамдық сервитуттарды орнатады;
аудандық уәкілетті және атқарушы органдарға осы елді мекендерді кенттер, ауылдар санатына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;
тиісті елді мекен аумағы халқының пікірін ескере отырып, аудандық уәкілетті және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстар енгізеді;
тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне ата беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
пошта операторларына ауылдық округ аумағында өндірістік объектілерді орналастыруда жәрдем көрсетеді;
округ аумағында пошта байланысының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіппен және мерзімдерде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауды жұргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
2) Ауылдық округ әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, егер Қазақстан Республикасының "Мемелекеттік мүлік туралы" Заңында өзгеше көзделмесе, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіру жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген артық, немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
аудан әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды.
13. Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:
мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алу;
әкімшілік айыппұлдар салуға;
мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;
мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
шарттар, келісімдер жасасуға құқылы.
14. Міндеттері:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және актілерін уақытылы орындау.
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру "Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты"
15. Әкімнің аппаратын әкім басқарады.
16. Әкімнің өкілеттіктері:
әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.
Ауылдық округ әкімі бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.
17. Ауылдық округ әкімінің орынбасары жоқ.
18. Әкім әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.
4-тарау. "Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
19. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік ауылдық округтің коммуналдық меншігіне жатады.
21. Егер өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.
5-тарау. "Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату (жою)
22. "Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.