Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңы 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже жаңа редакцияда бекітілсін.
2. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;
осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Н. Жүсіпов |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 ақпандағы № 31/2 қаулысымен бекітілді |
"Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандық деңгейде ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық мекемесі – Ертіс ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.
3. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 140500, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 99.
10. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: коммунальное государственное учреждение "Отдел внутренней политики и развития языков Иртышского района".
12. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы аудан әкімдігінің тұлғасында мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын алға жылжытуға бағытталған іс-шараларды аудандық деңгейде іске асыру;
2) Ертіс ауданда қоғамдық-саяси жағдайды мониторингілеу, талдау мен болжау жүйесін, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін мемлекеттік саясаттың барлық аспектілері бойынша ұйымдастыру;
3) ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді насихаттауды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау;
4) конфессияаралық келісімді, діни сену бостандығына және өңірдегі діни бірлестіктермен өзара әрекет жасау бойынша адам құқықтарын қамтамасыз ету.
5) тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
17. Ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысу, Ертіс ауданының мемлекеттік органдарымен ішкі саясат саласында өзара іс-қимыл жасау, өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер қызметінің мониторингін, талдауын және болжамын жасауды ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар жасау және жұмысты ұйымдастыру "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады, конфессияаралық келісімді, дінге сену бостандығына адам құқытарын және діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету және ауданда тіл саясатын жүргізу.
18. Ішкі саяси үдерістерді реттеуге және ішкі саясат саласында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу, конфессияаралық келісімді, дінге сену бостандығына адам құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәні болып табылады, тілдерді дамыту кешенінің жұмысын ұйымдастыру, мониторингін жүргізу, үйлестіру мәселелерінде іс –шараларды аудандық деңгейде өткізу болып табылады.
19. Міндеттері:
1) Ертіс ауданының мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру, ішкі саясат саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалу мониторингін және талдауын қамтамасыз ету бойынша өзара әрекет жасау;
2) қоғамдық бірлестіктерді, саяси партияларды, қоғамдық-саяси ұйымдарды, кәсіподақтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, жұртшылық өкілдерін қолдаудың және өзара іс-қимыл жасаудың аудандық инфрақұрылымын дамыту;
3) ішкі саясат саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға ықпал ету;
4) Ертіс ауданында болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты мониторингілеу, болжау және объективті зерделену жүйесін ұйымдастыру;
5) Ертіс ауданында ішкі саясатты, жастар саясаты және тілдерді дамыту саласындағы басымдықтарды әзірлеу;
6) Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілері мен тапсырмаларының, "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Ертіс ауданы әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуын мониторингілеу;
7) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттауға қатысу;
8) ішкі саясат мәселелерінде тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсынымдар, сондай-ақ азаматтық сәйкестікті қалыптастыру және Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтары негізінде қоғамды біріктіру жөнінде ұсыныстар жасау;
9) Аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты және жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;
10) Ертіс ауданында қоғамдық-саяси жағдайға болжам жасауға бағытталған социологиялық және саясаттанушылық зерттеулер жүргізу;
11) Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы күрес туралы", "Экстремизмге қарсы күрес туралы", "Діни бірлестіктер мен діни қызметтер туралы" Заңдарының, "Тіл туралы Заңның" және де азаматтардың дін бостандығына деген құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілердің іске асуын қамтамасыз ету;
12) азаматтардың діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын жүзеге асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
20. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, Ертіс ауданы әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру;
2) Ертіс ауданы әкімдігі мен әкімінің "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі актілерінің жобаларын дайындау;
3) Ертіс ауданы әкімдігінің өңір, мемлекеттік билік органдарының қоғамдық-саяси және экономика салаларындағы қызметі туралы ақпаратты тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысына қатысу;
4) өңірде Қазақстанның 2050 жылға дейін даму стратегиясын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, басқа стратегиялық құжаттарды түсіндіруді және насихаттауды қамтамасыз ету;
5) жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) ауыл және ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік ішкі саясат мәселелері жөніндегі қызметін және ақпараттық-насихаттау жұмыстарының барысын үйлестіру;
7) Ертіс ауданы әкімдігінің мәжілістеріне өңірдің ішкі саяси өмірінің мәселелері, тіл саясаты жөнінде материалдар дайындауға қатысу;
8) ауданың этномәдени бірлестіктеріне ұйымдық, консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
9) мемлекеттік тіл саясатын, ішкі саясат саласында, этностар арасындағы қатынастар, Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде, мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;
10) саяси партиялармен, этномәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;
11) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік ақпараттық саясатты, өңірлік деңгейде жастар саясатты іске асыру жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
13) "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік органның мүддесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады;
14) Ертіс ауданында ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
15) мемлекеттік рәміздерді насихаттау, әдістемелік көмек көрсету және қолдану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және ақпарат ұсыну;
16) "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының жағдайын, кадрлармен қамтамасыз етілуін талдау;
17) "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
18) Ертіс ауданы әкімінің тапсырмаларын, әкімдігінің актілерін орындау және орындалуын ұйымдастыру;
19) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және оларды тұрақты дамыту;
20) "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;
21) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;
22) ауданың терроризмге қарсы комиссия қызметін ұйымдастыру, өңірдегі діни ахуалды зерттеу және талдау;
23) ауданда тұратын халықтардың рухани дәстүрлерін, мемлекеттік және ұлттық тілдерін дамытудың мемлекеттік саясат саласындағы әдістемелік шараларды жүзеге асырады;
24) тілдерді дамыту мен үйрену үшін жағдайлар жасау және жәрдемдесу, тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін іске асырады;
25) мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданылуын қамтамасыз ету және ауданда тіл саясатын жүргізеді;
26) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуды қамтамасыз етеді;
27) тілдерді дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және жүзеге асырады;
28) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
29) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
30) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
31) Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
21. Құқықтары және міндеттері:
1) Ертіс ауданы әкімінің қарауына аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағына жататын мәселелер жөнінде ақпараттық-аналитикалық және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;
2) "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік, аумақтық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;
4) "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта қорғау;
5) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Үкіметтік емес ұйымдарының дерекқорына дұрыс емес, толық емес мәліметтер ұсынбағаны немесе ұсынғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
7) Ішкі саясат жіне тілдерді дамыту саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
8) Қолданыстағы заңды актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
23. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ертіс ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
1) "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;
6) "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
7) "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің болашақтағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және сол үшін дербес жауапты болады.
"Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын бас маманға жүктеледі.
25. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және коммуналдық мүлікпен басқару жөніндегі өкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым – қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
26. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қарымқатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық еңбек шартына сәйкес белгіленеді.
4. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мүлік оған мемлекет берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін тарату кезінде несиегерлердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.