"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің" Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына жолдасын;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі |
М. Меңдібаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
мәслихатының төрағасы
________________Г.Әбілқайырова
"___"__________2024 ж.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Айыртау ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы "31" қазандағы | |
№ 432 қаулысына | |
қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
3. Ынталандырушы үстемеақысы персоналды ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
4. Бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған материалдық көмектің және ынталандыру төлемінің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
5 Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың төлем жасалған түрлерін (сыйлықақы, қосымша ақы, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақы, үстеме жұмыс үшін ақы және басқалар) тоқтатуға негіз болып табылмайды.
6. Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысын төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
7. Ынталандыру үстемеақысы еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
8. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;
7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;
8) үстемеақылар сондай-ақ келесідей объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.
9. Ынталандыру үстемеақысы:
1) жұмыскер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
2) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
3) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;
4) лауазымның тиісті санатының функцияларын уақытша атқарған жағдайда;
5) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
6) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
7) оқу демалысы кезеңінде;
8) жүктілікке және бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
9) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде төленбейді.
10. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жергілікті бюджеті бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
11. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының шешімі бойынша осы бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шартына 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген санаттар бойынша белгіленеді.
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
12. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ынталандыру үстемеақысының белгіленген мөлшері негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді жолдайды.
13. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының қарауына ынталандырушы үстемеақылар бойынша қосымша қажеттілік шығарады.
14. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларға бюджет қаражатын бөлу кезінде Ұйым басшысы құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысы (бұдан әрі – ұсыну) негізінде қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
Ұйымның басшысы Ұсынымды қарау нәтижесінде ол тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келіседі не лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тартады. Жұмыскер шешім шығарылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.
15. 9-тармақта көрсетілген шарттар жұмыскерлерге ынталандыру үстемеақысын төлеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
16. Ұсынымда жұмыскердің тегі мен лауазымы, ынталандыру үстемеақысының негізі мен мөлшері және тәртіптік жазаның жоқ екені туралы мәліметтер көрсетіледі.
Жергілікті бюджеттен | |
қаржыландырылатын ұйымдар | |
қызметкерлерінің лауазымдық | |
айлықақыларына ынталандырушы | |
үстемеақылар белгілеудің | |
тәртібі мен шарттарына | |
1-қосымша |
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының орталық кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын С блоктарына (әкімшілік персонал) және жұмысшыларға (біліктілік разряды) жататын лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
№ п/п | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы | |
1 | Жүргізуші | 100% | |
2 | Кадрлар жөніндегі инспектор | 50% | |
3 | Қызметтік орын жайларды тазалаушы | 50% |
Жергілікті бюджеттен | |
қаржыландырылатын ұйымдар | |
қызметкерлерінің лауазымдық | |
айлықақыларына ынталандырушы | |
үстемеақылар белгілеудің | |
тәртібі мен шарттарына | |
2-қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің Айыртау аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің С блоктарына (әкімшілік персонал) және жұмысшыларға (біліктілік разряды) жататын лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
№ п/п | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | Жүргізуші | 100% |
2 | Архивариус | 50% |
3 | Гардеробшы | 50% |
4 | Аула сыпырушы | 50% |
5 | Шаруашылық меңгерушісі | 50% |
6 | Қойма меңгерушісі | 50% |
7 | Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор немесе іс қағаздарын жүргізушісі | 50% |
8 | Кадрлар жөніндегі инспектор | 50% |
9 | Өткізу бюросы инспекторы немесе күзетші немесе қарауылдың немесе қауіпсіздік қызмет операторы | 50% |
10 | Комендант | 50% |
11 | Курьер | 50% |
12 | Әдіскер | 50% |
13 | Қазандық машинисі (от жағушы) (су жылыту қазандығына қызмет көрсету) | 50% |
14 | Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтың машинисі (от жағушысы) | 50% |
15 | Көшіру-көбейту машиналары операторы | 50% |
16 | Компьютерлік техника (бағдарламалар)операторы | 50% |
17 | Қазандық операторы | 50% |
18 | Күзетші-от жағушы | 50% |
19 | Көмекші жұмысшы | 50% |
20 | Аударма жөніндегі редакторы | 50% |
21 | Ғимараттарға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы | 50% |
22 | Басшысының хатшысы | 50% |
23 | Статистик | 50% |
24 | Слесарь-сантехник | 50% |
25 | Слесарь-жөндеуші | 50% |
26 | Күзетші (от жағушы) | 50% |
27 | Қызметтік орын жайларды тазалаушы | 50% |
28 | Электр жабдығын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер | 50% |
Жергілікті бюджеттен | |
қаржыландырылатын ұйымдар | |
қызметкерлерінің лауазымдық | |
айлықақыларына ынталандырушы | |
үстемеақылар белгілеудің | |
тәртібі мен шарттарына | |
3-қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жұмыскерлерге қатысты лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар (біліктілік разряды)
№ п/п | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | Жүргізуші | 100% |
Жергілікті бюджеттен | |
қаржыландырылатын ұйымдар | |
қызметкерлерінің лауазымдық | |
айлықақыларына ынталандырушы | |
үстемеақылар белгілеудің | |
тәртібі мен шарттарына | |
4-қосымша |
"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, С (әкімшілік персонал), D блоктарына жататын (көмекші персонал) және жұмысшылар (біліктілік разряды)
№ п/п | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | Жүргізуші | 100% |
2 | Архивариус | 50% |
3 | Гардеробшы | 50% |
4 | Аула сыпырушы | 50% |
5 | Шаруашылық меңгерушісі | 50% |
6 | Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор немесе іс қағаздарын жүргізушісі | 50% |
7 | Іс жүргізу жөніндегі инспектор | 50% |
8 | Өткізу бюросы инспекторы немесе күзетші немесе қарауылдың немесе қауіпсіздік қызмет операторы | 50% |
9 | Комендант | 50% |
10 | Курьер | 50% |
11 | Әдіскер | 50% |
12 | Қазандық машинисі (от жағушы) (су жылыту қазандығына қызмет көрсету) | 50% |
13 | Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтың машинисі (от жағушысы) | 50% |
14 | Көшіру-көбейту машиналары операторы | 50% |
15 | Компьютерлік техника (бағдарламалар)операторы | 50% |
16 | Қазандық операторы | 50% |
17 | Күзетші-от жағушы | 50% |
18 | Көмекші жұмысшы | 50% |
19 | Аударма жөніндегі редакторы | 50% |
20 | Басшысының хатшысы | 50% |
21 | Статистик | 50% |
22 | Слесарь-сантехник | 50% |
23 | Слесарь-жөндеуші | 50% |
24 | Күзетші (от жағушы) | 50% |
25 | Қызметтік орын жайларды тазалаушы | 50% |
26 | Электр жабдығын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер | 50% |
Жергілікті бюджеттен | |
қаржыландырылатын ұйымдар | |
қызметкерлерінің лауазымдық | |
айлықақыларына ынталандырушы | |
үстемеақылар белгілеудің | |
тәртібі мен шарттарына | |
5-қосымша |
"Антоновка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Володар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Гусаковка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Елецкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Имантау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қазанка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қамсақты ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Константинов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Лобанов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Нижнебурлук ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Украин ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі С (әкімшілік персонал), D (көмекші персонал) блоктарына жататын) және жұмысшылар (біліктілік разряды)
№ п/п | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | Жүргізуші | 100% |
2 | Архивариус | 50% |
3 | Гардеробшы | 50% |
4 | Аула сыпырушы | 50% |
5 | Шаруашылық меңгерушісі | 50% |
6 | Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор немесе іс қағаздарын жүргізушісі | 50% |
7 | Өткізу бюросы инспекторы немесе күзетші немесе қарауылдың немесе қауіпсіздік қызмет операторы | 50% |
8 | Комендант | 50% |
9 | Курьер | 50% |
10 | Әдіскер | 50% |
11 | Қазандық машинисі (от жағушы) (су жылыту қазандығына қызмет көрсету) | 50% |
12 | Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтың машинисі (от жағушысы) | 50% |
13 | Көшіру-көбейту машиналары операторы | 50% |
14 | Компьютерлік техника (бағдарламалар)операторы | 50% |
15 | Қазандық операторы | 50% |
16 | Күзетші-от жағушы | 50% |
17 | Көмекші жұмысшы | 50% |
18 | Аударма жөніндегі редакторы | 50% |
19 | Басшысының хатшысы | 50% |
20 | Статистик | 50% |
21 | Слесарь-сантехник | 50% |
22 | Слесарь-жөндеуші | 50% |
23 | Күзетші (от жағушы) | 50% |
24 | Қызметтік орын жайларды тазалаушы | 50% |
25 | Электр жабдығын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер | 50% |