Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/179 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 150 330 мың теңге:
салықтық түсімдер - 4 902 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 145 428 мың теңге;
2) шығындар - 150 558,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 228,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 228,3 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 228,3 мың теңге.";
1-1 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"1-1. Торанғұл ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетінде қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен аудандық бюджеттен 2023 қаржы жылында 1,2 мың теңге сомасында бөлінген пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару 4-қосымшаға сәйкес қарастырылсын.";
1-2 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"1-2. Торанғұл ауылдық округі бюджетінде шағындар қаржылық жылдың басында қалыптасқан бос қалдықтары есебінен 4-қосымшаға сәйкес қарастырылсын.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі қарастырылсын, соның ішінде:
еңбекақы төлеу қорына және ағымдағы шығыстарға;
"Двинск ауылындағы ауылішілік жолдарды орташа жөндеу" жобалық -
сметалық құжаттамасына ведомстволық сараптама жүргізуге;
елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға;
Торанғұл ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге.
Аталған нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Торанғұл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" Есіл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.";
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшасымен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы |
Е. Тұтқышев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы |
Сомасы |
1)Кірістер | 150 330 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 4 902 | ||
01 | Табыссалығы | 1 500 | ||
2 | Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы | 1 500 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 3 402 | ||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 110 | ||
3 | Жер салығы | 600 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 2 600 | ||
5 | Бірыңғай жер салығы | 92 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 145 428 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 145 428 | ||
3 | Аудандық бюджеттік трансферттер (облыстық маңызы бар қалалар) | 145 428 | ||
Функционалдық топ | Бюджеттікбағдарламалардыңәкімшісі | Бағдарлама | Атауы |
Сомасы |
2) Шығындар | 150 558,3 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 25 008 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты | 25 008 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 25 008 | ||
07 | Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық | 1 124,1 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты | 1 124,1 | ||
008 | Елді мекендерде көшелердіж арықтандыру | 1 124,1 | ||
13 | Басқалар | 124 425 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 124 425 | ||
057 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 124 425 | ||
15 | Трансферттер | 1,2 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1,2 | ||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 1,2 | ||
3) Таза бюджеттіккредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 0 | |||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | |||
4) Қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржылық активтерді сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | - 228,3 | |||
6) Тапшылық орнынқар жыландыру (бюджет профицитін пайдалану) | 228,3 | |||
7 | Қарыздар түсімдері | 0 | ||
16 | Қарыздарды өтеу | 0 | ||
Санаты | Сынып | Ішкісынып | Атауы | Сомасы (мың тенге) |
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 228,3 | ||
01 | Бюджет қаражатының қалдықтары | 228,3 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 228,3 |
Қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарын бағыттау
Функционалды топ | Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі | Бағдарлама | Атауы | Сомасы (мың тенге) |
07 | Тұрғынүй-коммуналдықшаруашылық | 227,1 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 227,1 | ||
008 | Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру | 227,1 | ||
15 | Трансферттер | 1,2 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1,2 | ||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 1,2 | ||
Барлығы: | 228,3 |