Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемаларын бекіту туралы";
көрсетілген қаулының 1 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.";
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 - қосымшаларда "схемасы" деген сөз "ұсынылатын схемасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | Е. Степаненко |