Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Уәлиханов аудандық мәслихатының "2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 4-12 с шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 792 101,1 мың теңге:
салықтық түсімдер – 783 709,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 45 240,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 14 549,4 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 948 601,4 мың теңге;
2) шығындар –5 854 981 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 46 504 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 79 378 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 32 874 мың теңге;
4) қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -109 383,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 109 383,9 мың теңге:
қарыздар түсімі – 79 378 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 32 874 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 62 879,9 мың теңге.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы | С. Сәниев |