Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 364-V "Атырау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3178 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | М. Хайруллиев |