"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптары, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 231 қаулысына қосымша |
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасының негізінде әзірленді және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2-тарау. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
2. Ынталандыру үстемеақысы персоналды ынталандыру мақсатында белгіленетін төлем болып табылады.
3. Бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған материалдық көмектің және ынталандыру төлемінің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлем болып табылады.
4. Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың төлем жасалған түрлерін (сыйлықақы, қосымша ақы, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақы, үстеме жұмыс үшін ақы және басқалар) тоқтатуға негіз болып табылмайды.
5. Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысын төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
6. Ынталандыру үстемеақысы еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
7. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;
7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;
8) үстемеақылар сондай-ақ мынадай объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.
8. Ынталандыру үстемеақысы:
1) жұмыскер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
2) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
3) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;
4) лауазымның тиісті санатының функцияларын уақытша атқарған жағдайда;
5) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
6) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
7) оқу демалысы кезеңінде;
8) жүктілікке және бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
9) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде төленбейді.
9. Атырау облысының облыстық бюджеті бюджеттік ұйым жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысы төлемін қаржыландыру көзі болып табылады.
10. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары Атырау облыстық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.
3-тарау. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
11. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде Ұйымның басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі.
12. Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік ұйымның бірінші басшысына шығарады.
13. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.
14. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
15. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып келіседі немесе бас тартады.
16. 8-тармақта көрсетілген шарттар жұмыскерлерге ынталандыру үстемеақысын төлеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
17. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ынталандыру үстемеақысының белгіленген мөлшері негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді жолдайды.
18. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ынталандыру үстемеақысы бойынша қосымша қажеттілікті облыстық бюджет комиссиясына қарауға шығарады.