"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 1 ақпандағы қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) №120 көшеге – Қадырбек Есенғалиев көшесі;
2) №35 көшеге – Кәки Ұлханов көшесі;
3) №36 көшеге – Бақтыбай Қалымбетов көшесі;
4) №17 көшеге – Биахмет Сәрсенұлы көшесі;
5) №18 көшеге – Ыбырайым Жайнақұлы көшесі;
6) №19 көшеге – Райымжан Мәрсекұлы көшесі;
7) №20көшеге – Асылбек Сейітұлы көшесі;
8) №21 көшеге – Сәлімгерей Жантөреұлы көшесі;
9) №22 көшеге – Қошмұхамед Кемеңгерұлы көшесі;
10) Құлсары қаласындағы бұрыннан қалыптасқан атау, Атырау шағын ауданы – Атырау шағын ауданы;
11) Құлсары қаласындағы өндірістік аймақты – Қарашүңгіл өндірістік аймағы.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой ауданы әкімі | Ж. Қаражанов |
Жылыой аудандық мәслихат төрағасы |
Қ. Мыңбаев |