"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Махамбет ауданының мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Махамбет ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 95 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Махамбет ауданының әкімі | К. Нурлыбаев |