"Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 337 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8-тармақшасына, 124-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;

      осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Қызылқоға аудан әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 75 "Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі Қ. Әзмұханов

  Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "31" желтоқсандағы
№ 337 қаулысына қосымша

"Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Мекеме) аудан аумағында жер қатынастарын реттеуге бағытталған жер заңдылықтары іс-шаралар жүйесін іске асыру және сәулет қала құрылысы қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мекеме өз қызметін "Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Тайпақ Қарабалин көшесі-39,индекс 060500.

      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Аудан аумағындағы жерді тиімді пайдалану, жер қорының есебін жүргізу, жер ресурстарын қорғауға септігін тигізетін жағдай жасау, жерге орналастыруды жүргізу, елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда ауданның мүддесі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білдіруге және жазбаша қатынас хаттар жүргізуге;

      - Бөлім өзіне жүктелген функцияларды атқаруға қажетті ақпараттарды тиісті бөлімдерден сұратуға;

      - Белгіленген тәртіппен аудандық бюджетті құрастыру үшін ұсыныстар енгізуге;

      - Бөлімнің материалдық-техникалық және ұйымдық әлеуметтік қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар беруге;

      -Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және соған қатысады;

      - Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратқа тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге;

      - Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқылы.

      2) Міндеттері:

      - Аудан аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу,қала құрылысын игеруде сәулет-қала құрылысы қызметі туралы және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы құжаттамасы мен өзге де жобалау құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамсыз ету;

      - Жер заңдарын және жерді пайдалану мен қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі аудандық өкілетті атқарушы органдардың шешімдерін орындау;

      - Жер реформасын жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру;

      - Шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскелерінің пайдалануына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;

      - Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіретін құрылымдық бөлімше заңнамаға сәйкес бекітілген штат саны лимиттерінің шеңберінде дербес құрылымдық бөлімше ретінде мемлекеттік (жергілікті) атқарушы орган құрады немесе оның функциялары мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктелуі мүмкін.

      - Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету.

      - Заңнамалық белгіленген тәртіппен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпарациясы коммерциалық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөлімі арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;

      - Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;

      - Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;

      - Заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;

      - Жергілікті атқарушы органдарға обьектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген жағдайларды оларды мемлекет қажеттері үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;

      - Мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады.

      - "Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпарациясы" коммерциалық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөлімі арқылы 14 қызмет түрін көрсетеді:

      1) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;

      2) Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

      3) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      4) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

      5) Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру;

      6) Кент,ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

      7) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру;

      8) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

      9) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      10) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

      11) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;

      12) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну;

      13) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;

      14) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру.

      15. Функциялары:

      - Жер заңдарының қолдану практикасын қорытады;

      - Жер қатынастарын реттеу жерді пайдалану және қорғауды, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша аудандық өкілді және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      -Аудандық әкімдігінің отырысында қаралатын мәліметтереді дайындайды, мәліметтерді жинап, талдау жасайды. Аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды, оның жүзеге асырылуына қатысады және бақылау жүргізуге қатысады;

      -Жер Кодексінің 13,16,18 және 19 баптарында көзделген жайларды қоспағанда және жерді пайдалануға беру, мемлекет қажеттілігіне байланысты кері қайтарып алу, ауданның жер қорын құру, Жер кодексінің 71 бабының 2 тармағына сәйкес іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру жөнінде аудандық әкімдік қаулысының жобасын әзірлейді;

      - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

      - Мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру мақсатында ақпараттық жүйлерді қамтамасыз ету;

      - Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау бойынша мәселелерді қарау;

      - Ауданда мемлекеттік сәулет- қала құрылысы саясатын жүргізу және ауданның кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге, тіршілік ету ортасын жетілдіру мен сәулеттік келбетті жақсартуға бағытталған қала құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру;

      - Ауданда құрылысын салуға жататын ғимараттар мен құрылыстардың жобалау-жоспарлау құжаттамасын, жобаларын қарау және оларды келісу;

      - Белгіленген тәртіппен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы тұрғын үй-азаматтық құрылысының аяқталған обьектілерін қабылдауға қатысу

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      - өзінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      - мемлекеттік мекеменің басшысы бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге берілген тапсырмаларды дербес жауапкершілікпен орындайды, олардың функцияларын атқарады. Конкурс қорытындысы бойынша бөлімге қызметкерлерді жұмысқа алады және босатады.

      - белгіленген заңға сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады,

      - бөлім бойынша нормативтік құжаттарға қол қояды және бұйрықтар шығарады;

      - бөлімге ішкі тәртіп енгізеді,

      - бөлім басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;

      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства Кызылкогинского района"

Постановление акимата Кызылкогинского района Атырауской области от 31 декабря 2024 года № 337

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 18, статьей 124 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат Кызылкогинсого района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства Кызылкогинского района".

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства Кызылкогинского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      направление настоящего постановления в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Кызылкогинского района;

      принятие иных необходимых мер вытекающих из настоящего постановления.

      3. Отменить постановление акимата Кызылкогинского района от 17 мая 2022 года № 75 "Об утверждении Положения о государственном учереждений "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Кызылкогинского района".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства Кызылкогинского района".

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кызылкогинского района К. Азмуханов

  Приложение к постановлению
акимата Кызылкогинского
района от "31" декабря 2024
года № 337

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении"Кызылкогинский районный отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства"

1. Общие положения

      1. Кызылкогинский районный отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства (далее – Учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере архитектурно-градостроительной деятельности и реализации системы мероприятий земельного законодательства, регулирование земельных отношений на территории района.

      2. Учреждение не имеет ведомств.

      3. Учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Учреждение является юридическим лицом в организационно- правовой форме государставенного учреждения, имеет печать с изображением Государставенного Герба Республики Казахстан и штампы со своим найменованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Учреждение вступает гражданско-правовых отношений от собственного имени.

      6. Учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности учреждения утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение Учреждения: 060500, Республика Казахстан, Атырауская область, Кызылкугинский район, село Миялы, улица Тайпак Карабалина-39.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Учреждения.

      11. Финансирование деятельности Учреждения осуществляется из местного бюджета.

      12. Учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субьектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями учреждения.

      Если Учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельности, то полученные доходы направляются в доход государственного бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия учреждения

      13. Задачи:

      - Обеспечение эффективного развития земельных отношений, эффективное и рациональное использование земельных ресурсов, ведение учета распределения земельного фонда, проведение землеустройства, формирование полноценной среды обитания и жизни деятельности населения в территорий района.

      14. Полномочия

      1) Права:

      - Представлять интересы района в государственных и негосударственных органах по вопросам, входящим в его компетенцию, и вести письменные сообщения;

      - Запрашивать в соответствующих отделах информацию, необходимую для выполнения возложенных на отдел функций;

      - Вносить в установленном порядке предложения для составления районного бюджета;

      - Вносить предложения акиму района по совершенствованию материально-технической и организационной социальной деятельности отдела;

      - Обращаться с запросом в соответствующие государственные органы за дополнительной информацией, необходимой для оказания государственной услуги;

      - Организует и участвует в проверках поступивших предложений, жолоби заявлении от юридических и частных лиц;

      - Обеспечивать повышение квалификации работников, оказывающих государственные услуги.

      2) Обязанности:

      -Проведение государственной политики в области регулирования земельных отношений на территории района, обеспечение соблюдения норм архитектурно-градостроительной деятельности в градостроительном освоении и утвержденной в установленном порядке архитектурно-градостроительной документации и иной проектной документации;

      - Исполнение земельного законодательства и решений районных представительных исполнительных органов по организации использования и охраны земель;

      - Организация работы по проведению земельной реформы;

      - Организация мониторинга использования крестянским или фермерским хозяйством змельных участков предосталенных в целях сельского хозяйства для ведения сельскохозяйственного производства;

      - Структурное подразделение, координирующее вопросы оказания государственной услуги, в рамках утвержденных в соответствии с законодательством лимитов штатной численности создает в качестве самостоятельного структурного подразделения государственный (местный) исполнительный орган или его функции могут быть возложены на соответствующее структурное подразделение государственного (местного) исполнительного органа.

      - Обеспечение доступности правила оказания государственных услуг.

      - Обеспечить в установленном законодательством порядке перевод государственных услуг, входящих в компетенцию государственного (местного) исполнительного органа, через Кызылкогинский районный отдел по обслуживанию населения филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация" Правительство для граждан" по Атырауской области;

      - Обеспечение информированности потребителей государственных услуг о порядке оказания государственных услуг;

      - Предоставление уполномоченным органом в сфере информатизации соответствующей информации в уполномоченный орган по контролю за качеством оказания государственных услуг для проведения оценки качества оказания государственных услуг;

      - Предоставление соответствующей информации неправительственным структурам, проводящим общественный мониторинг в установленном законодательством порядке;

      - Обеспечение соблюдения законодательства об архитектурно-градостроительной деятельности, государственных нормативов и норм архитектурно-градостроительной документации, утвержденных в установленном порядке, при градостроительном освоении территории административного деления района;

      - Подготовка предложений местным исполнительным органам по размещению объектов и комплексов, предоставлению земельных участков для градостроительных целей и изъятию их для государственных нужд в случаях, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан;

      - Рассмотрение жалоб и обращений потребителей государственных услуг.

      "Кызылкогинский районный отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства" государственный учреждения проводит через Кызылкугинского районного отдела "Центр обслуживания населения – филиал НАО госудаственная корпорация "Правительства для граждан" по Атырауской области14 видов услуг:

      1) Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов);

      2) Выдача разрешения на использование земельного участка для изыскательских работ;

      3) Утверждение землеустроительного проекта;

      4) Выдача решений на изменение целевого назначения земельного участка;

      5) Выдача разрешений на перевод орошаемой пашни в неорошаемые виды угодий;

      6) Предоставление земельного участка для строительства объекта в черте населенного пункта;

      7) Выдача разрешений на перевод сельскохозяйственных угодий из одного вида в другой;

      8) Согласование и выдача проекта рекультивации нарушенных земель;

      9) Определение делимости и неделимости земельных участков;

      10) Постановка на очередь на получение земельного участка;

      11) Продление срока аренды земельного участка

      12)Предоставление исходных материалов при разработке проектов строительства и реконструкции (перепланировки и переоборудования);

      13) Согласование эскиза (эскизного проекта);

      14) Выдача справки по определению адреса обьектов недвижимости на территории Республики Казахстан.

      15. Функции:

      - Обобщает практику применения земельного законодательства;

      - Регулирование земельных отношений взаимодействует с районными представительными и местными исполнительными органами по вопросам использования и охраны земель, проведения земельной реформы;

      - Готовит и контролирует материалы для рассмотрения на заседании акимата, обеспечивает сбор и анализ информации, подготавливает проекты постановение и распоряжение акима района;

      -Разрабатывает проект постановления акимата района по предоставлению земель в пользование, отзыву в связи с потребностями государства, созданию земельного фонда района, выдаче разрешения на использование земельного участка для изыскательских работ в соответствии с пунктом 2 статьи 71 Земельного кодекса, за исключением помещений, предусмотренных статьями 13, 16, 18 и 19 Земельного кодекса;

      - Разработка соответствующих нормативных правовых актов по оказанию государственных услуг;

      - Выработка предложений по внесению изменений и/или дополнений в реестр государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам в части государственной услуги, входящей в компетенцию государственного (местного) исполнительного органа;

      - Обеспечение информационных систем государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      - Рассмотрение вопросов по нерациональному использованию или неиспользованию земель сельскохозяйственного назначения;

      - Проведение государственной архитектурно-градостроительной политики в районе и реализация градостроительных программ, направленных на решение текущих и перспективных задач комплексного социально-экономического развития района, совершенствование среды обитания и улучшение архитектурного облика;

      -Рассмотрение и согласование проектно-планировочной документации, проектов зданий и сооружений, подлежащих строительству в районе;

      - Участие в приемке в установленном порядке законченных объектов жилищно-гражданского строительства производственного и непроизводственного назначения.

3. Статус, полномочия первого руководителя учреждения

      16. Руководство Учреждения осуществляется первым руководителеи, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на учреждение задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Учреждения назначается на должность и освобождается от должности акимам района.

      18. Полномочия первого руководителя Учреждения:

      - определяет обязанности и полномочия своих сотрудников;

      - руководитель государственного учреждения организует и руководит работой отдела и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на отдел задач и осуществление им своих функций. Принимает на рботу по итогам конкурса работников отдела и освобождает их от работы;

      -в установленном законодательством порядке налагает дисциплинированные взыскания на работников отдела;

      - подписывает нормативную и служебную документацию отдела и издает приказы;

      - установливает внутренный распорядок в отделе;

      - принимает меры, направленные на противодействие коррупции а отделе и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер.

      Исполнение полномочий первого руководителя учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      19. Учреждение возглавляется руководителем Учреждения назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Учреждения

      20. Учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущества в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Учреждения относится к коммунальной собственности.

      22. Учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение учреждения

      23. Реорганизация и упразднение учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.