"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына, "Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 444 бұйрығына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі етіп қайта аталсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Ресурстық орталық) Ережесі бекітілсін.
3. Мақтаарал ауданы әкімдігінің "Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;
2) осы қаулының ресми жарияланғанан кейін оның Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыны Әділет органынан қайта тіркеуден өткізуді;
4) осы қаулыға сәйкес ауданның коммуналдық меншігінің мүліктер тізіліміне өзгерістер енгізу қамтамасыз етсін.
4. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 445 қаулыcының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Асанов |
Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы "_16_" _тамыз_ № _553_ қаулысына қосымша |
Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ресурстық орталығы) өз құзыреті шегінде ақпараттық – әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдауды, жастар ортасындағы ахуалға мониторинг пен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
2. Ресурстық орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Ресурстық орталықтың осы ережесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңына және өзге де нормативтік құқытық актілерге сәйкес әзірленді және Жастар ресурстық орталықтың (бұдан әрі - Ресурстық орталық) мәртебесімен өкілеттіктерін айқындайды.
4. Ресурстық орталықтың қызметі жастардың әлеуметтік және жеке дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған.
5. Ресурстық орталық жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету мақсатында құрылады.
6. Ресурстық орталықты құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру Мақтаарал ауданы әкімдігінің құзыретіне жатады.
7. Ресурстық орталықтың құрылтайшысы Мақтаарал ауданының әкімдігі болып табылады (бұдан әрі – Құрылтайшы).
8. Ресурстық орталықтың уәкілетті органы "Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі – Уәкілетті орган).
9. Осы Ереже Ресурстық орталықтың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Ресурстық орталық ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
11. Коммуналдық мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Ресурстық орталықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкі, қазынашылық органында шоттары болады.
13. Ресурстық орталықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарында жауапкер немесе талапкер болады.
14. Ресурстық орталықтың құрылымы мен штаттық санын құрылтайшысы бекітеді.
15. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: Мактаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Молодежный ресурсный центр" отдела внутренней политики Мактааральского района.
16. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Мақтааарал ауданы, Мырзакент кенті, Жаштаев көшесі, 81 ғимарат, индекс 160547.
17. Ресурстық орталық өз қызметін Ресурстық орталықтың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін мүдделі мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
2-тарау. Ресурстық орталықтың міндеттері, функциялары
18. Ресурстық орталық Жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, бастамаларды қолдау және жастарға консультациялық қолдау көрсету және жастардың өзін-өзі дамуы үшін ашық кеңістік құру арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.
19. Ресурстық орталықтың қызметін жоспарлау және жүзеге асыру жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделеді.
20. Ресурстық орталықтың қызметі Ресурстық орталықтың ғимаратында және жастар көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылады.
21. Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері:
1) ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
2) жастардың бастамаларын консультациялық сүйемелдеу және қолдау;
3) жастар ортасындағы жағдайға талдау және мониторинг жүргізу.
22. Ресурстық орталық қызметінің бағыты бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу:
жастарға Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру;
soft-skills дамыту бойынша курстар өткізу-түйіндемені сауатты құрастыру, коммуникативтік дағдылар, әңгімелесуден тиімді өту әдістері;
жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және лайықты еңбек мәселелері бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
2) бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту:
өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару және т. б.), жастардың құзыреті мен дербестігі;
өмірлік маңызды дағдылар мен бейресми білімді дамытуға бағытталған жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
3) жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу:
цифрлық және медиа сауаттылық мәселелері бойынша жастарға кеңес беру;
жастарға арналған цифрлық және медиа сауаттылық бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;
робототехника, бағдарламалау және ақпараттық технологиялар бойынша үйірмелер мен клубтардың қызметін ұйымдастыру.
4) жастарға психологиялық көмек көрсету;
психологпен жеке және эмоциялық мәселелер бойынша кеңес беру;
жастармен психологиялық тренингтер мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;
жастардың психикалық денсаулығы бойынша жастар жобаларын әзірлеу және іске асыру.
5) жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсету:
жастар мен жастар ұйымдары үшін заң кеңестерін көрсету;
жастар арасында құқықтық сауаттылық бойынша курстар ұйымдастыру және өткізу;
жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу;
жастар ұйымдары үшін заң көмегін көрсету.
6) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу:
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелері және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;
кәсіпкерлік құзыреттер бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау;
жастар арасында кәсіпкерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
7) жастар ортасында Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту:
волонтерлік қызмет және жас еріктілерді қолдау мүмкіндіктері туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;
жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша оқыту курстарын, мектептерді, лагерьлерді, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру;
жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру үшін волонтерлік ұйымдармен, білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала ұйымдарымен ынтымақтастық;
волонтерлік бастамаларды қолдау және волонтерлік ұйымдармен және жастардың бастамашыл топтарымен бірлескен іс-шараларды іске асыру;
жастар ортасында Волонтерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
8) жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу:
отбасы-неке мәселелері бойынша жас отбасыларға кеңес беру;
некені тіркеуге өтініш берген жас адамдармен жұмыс;
қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
9) жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу:
жастар ұйымдарына, жастардың өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шаралары туралы кеңес беру және ақпараттандыру;
іс-шаралар өткізу үшін жастар ұйымдарын, қозғалыстарды және жастардың өзін-өзі басқару органдарын залдар мен үй-жайларды ұсыну;
жастар ұйымдарының, қозғалыстардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу;
жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының бастамаларын қолдау;
жастар ұйымдарымен, қозғалыстармен және жастардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу.
10) жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау:
жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау мәселелері бойынша жастарға және жастар ұйымдарына кеңес беру және ақпараттандыру;
жобаларды басқару мәселелері бойынша жастар ұйымдары, қозғалыстар, жастардың өзін-өзі басқару органдары, жастардың бастамашыл топтары үшін курстар, мектептер, лагерьлер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
жастар жобалары мен бағдарламалары туралы мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу;
жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде тұрақты жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бағалау.
11) ақпараттық кеңістікті кеңейту;
12) үздік тәжірибелер каталогын құру;
13) ресурстық орталықтардың қызметін жарықтандыру;
14) жастардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау.
Жоғарыда көрсетілген функциялар, олардың әрқайсысының шеңберінде мақсатты топтың қажеттілігін бағалау, жастарды жоспарлау мен бағалауға тарту, консультациялық сүйемелдеу, тренингтер өткізу, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.
3-тарау. Ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру
23. Ресурстық орталықтың басшысы Ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
24. Ресурстық орталықтың басшысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің құрылымына кіретін Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысына тікелей бағынады және өзіне жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.
25. Ресурстық орталықтың басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және ресурстық орталық қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын өзінің құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
26. Ресурстық орталықтың қызметін жүзеге асыру кезінде Ресурстық орталықтың басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Ресурстық орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық ұйымдарда Ресурстық орталықтың мүдделерін білдіреді;
3) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;
4) шарттар жасайды;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ресурстық орталықтардың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) Ресурстық орталықтың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
7) Ресурстық орталық қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады.
27. Ресурстық орталықтың басшылық лауазымына педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заңгерлік, техникалық білімі және жастармен жұмыс тәжірибесі бар адамдар жіберіледі.
4-тарау. Ресурстық орталықтың жұмыс тәртібі
28. Ресурстық орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
5-тарау. Ресурстық орталығының мүлкі
29. Ресурстық орталықтың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуі мүмкін.
30. Ресурстық орталықтың мүлкі оған меншік иесі берілген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. Ресурстық орталыққа бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ресурстық орталық, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
6-тарау. Ресурстық орталықты тарату және қайта ұйымдастыру
33. Ресурстық орталықты тарату және қайта құру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.