Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Қараспан ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Кселл" акционерлік қоғамына Қараспан ауыл округі, Берген Исаханов ауылы, Берген Исаханов көшесі бойынан талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 0,123 га жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі | Н.Умаров |