Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі талшықты-оптикалық желі тарту жұмыстарын жүргізу үшін Отырар ауданының Қоғам, Қарғалы, Темір, Қарақоңыр, Ақтөбе ауылдық округтері аумақтарында орналасқан жалпы алаңы 2,0573 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Жолдыбай |
2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 239 қаулыға қосымша |
"Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі талшықты-оптикалық желі тарту жұмыстарын жүргізу үшін жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | Ауылдық округ атауы | Кадастр № | Ауданы |
Темір ауылдық округінің аумағы | |||
1. | "Темір" АТС | 19-294-008-714 | 2 м |
Қарақоңыр ауылдық округінің аумағы | |||
2. | "Мұсатаев Т.М" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 19-294-055-510 | 1,1 км |
3. | "Төребек-Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 19-294-055-508 | 1,2 км |
4. | "Төребек-Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 19-294-055-404 | 976 м |
5. | "Тұяқбай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 19-294-055-479 | 10 м |
Қоғам ауылдық округінің аумағы | |||
6. | Қоғам | 19-294-074-017 | 6 м |
7. | Қоғам ауылы Ынтымақ-2 көшесі | 19-294-039-1298 | 4 м |
8. | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі | 19-294-033-694 | 245 м |
Қарғалы ауылдық округінің аумағы | |||
9. | "Аман-Есен" шаруа қожалығы | 19-294-001-476 | 9,55 км |
10. | Айдарбеков К.М. шаруа қожалығы | 19-294-001-604 | 1,76 |
11. | "Әбілдә-2030" шаруа қожалығы | 19-294-001-637 | 5,72 |