Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Түлкібас аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Түлкібас көрікті ел" КММ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 20/5-08 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Түлкібас аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Түлкібас көрікті ел" коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы 50% аспайтын көлемде белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Х.Байысбаев

Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников ГКУ "Түлкібас көрікті ел" отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Тюлькубасского района, финансируемых из местного бюджета

Решение Тюлькубасского районного маслихата Туркестанской области от 27 июня 2024 года № 20/5-08

      Согласно статье 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпункта 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" Тюлькубасский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить стимулирующую надбавку в размере не более 50% к должностным окладам работников государственного коммунального учреждения "Түлкібас көрікті ел" отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Тюлькубасского района, финансируемых из местного бюджета в порядке, определяемом местным исполнительным органом.

      2. Настоящее решение вводится в действие по остечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Х.Байысбаев