Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округіне қарасты "Қалғансыр" елді мекенін статистикалық есепті деректерден шығарылсын.
2. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысының және Шардара аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысы және Шардара аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауданәкімі | А.Карсыбаев |
Аудандық мәслихат төрағасы | Б.Муталиев |