"Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 608 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.

      2. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) Осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Мамытов

  Жетісай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "___"_________
№___ қаулысына қосымша

"Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Жетісай ауданы әкімінің аппараты) әкімнің және жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жетісай ауданы әкімінің аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Жетісай ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жетісай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Жетісай ауданы әкімінің аппараты азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Жетісай ауданы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Жетісай ауданы әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160500, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі №20.

      10. Осы ереже Жетісай ауданы әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Жетісай ауданы әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Жетісай ауданы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;

      2) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық - саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;

      3) аудандағы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясат пен әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, осы мақсатта барлық атқарушы билік органдарының келісіп қызмет етуін қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      аудан әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру;

      өзінің құзіреті шегінде сұратуларды жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалар мен өзге ұйымдардан аудан әкімінің және әкімдігі құзыретінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды алу;

      өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша аудан аумағында орналасқан ұйымдар басшыларына қажетті тапсырмалар беру (келісім бойынша);

      тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен қатар атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде аудан әкіміне, әкімдігіне көмек көрсету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізеді;

      2) әкімдік мәжілістерін, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады, әкімдік мүшелерінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін жасайды;

      3) әкімдіктің іс қағаздарын жүргізеді және әкімдікке, әкімге келіп түсетін хат-хабарларды өңдейді, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түсетін ақпаратты, сондай-ақ Жетісай ауданы әкімдігінің және әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жинауды және өңдеуді қамтамасыз етеді;

      4) әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарын дайындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      7) заң қызметінің әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге тікелей қатысуын қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін қабылдауды, мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ жинауды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді;

      8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіпте әкімдік бөлімдері шығарған әкімшілік актілерге, әкімшілік әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдарды қарауды жүзеге асырады;

      9) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын ұйымдастыратын әкімдіктің интернет-ресурсын қолдауды және дамытуды қамтамасыз етеді;

      10) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрларының мониторингін жүзеге асырады;

      11) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      12) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау жөніндегі бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      13) ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      14) терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      15) өңірлік деңгейде төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және жоюға бағытталған азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      16) әкім және әкімдік шығарған актілерді тіркеуді жүргізеді, тиісті ресімдеуді және таратуды қамтамасыз етеді;

      17) құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту жолымен жүзеге асырады, іс жүргізу ережелерінің сақталуын бақылау және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

      18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және Жетісай ауданы әкімі аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;

      19) аудан әкімдігіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапасына, қарау мерзімдеріне бақылауды жүзеге асырады;

      20) әкімдік бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      21) жергілікті деңгейде ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      22) өңірлік деңгейде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізеді;

      23) мемлекеттік наградалармен наградталатын адамдардың деректер базасын қалыптастыруды жүзеге асырады;

      24) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы мәжілісі, аудандық мәслихат депутаттарының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сайлаушылар тізімін жүргізуді жүзеге асырады;

      25) алқабилерге кандидаттардың алдын ала тізімдерін жүргізу және өзектілендіруді қамтамасыз ету арқылы қылмыстық сот ісін жүргізуде алқабилердің қатысуымен байланысты қоғамдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      26) әкімшілік-аумақтық құрылым саласында мемлекеттік саясатты іске асырады, облыс әкімдігіне ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      28) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Жетісай ауданы әкімінің аппаратына басшылықты "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысын Жетісай ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. Жетісай ауданы әкімі аппараты басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      2) "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      4) "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      5) бұйрықтар шығарады;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады;

      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жетісай ауданы әкімі аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      19. Жетісай ауданы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Жетісай ауданы әкімінің аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жетісай ауданы әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Жетісай ауданы әкімінің аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданы әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Жетісай ауданы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима Жетысайского района"

Постановление акимата Жетысайского района Туркестанской области от 6 сентября 2024 года № 608

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года №590 о некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат Жетысайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Жетысайского района".

      2. Государственное учреждение "Аппарат акима Жетысайского района" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан:

      1) пройти государственную регистрацию вышеуказанного положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение пяти календарных дней со дня подписания настоящего постановления направить его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Института законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Туркестанской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативно правовых актов Республики Казахстан;

      3) Обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жетысайского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Жетысайского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района С.Мамытов

  Приложение к постановлению
акимата Жетысайского района
от "___" _____ 2024 года №___

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Аппарат акима Жетысайского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Жетысайского района" (далее - Аппарат акима Жетысайского района) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере обеспечения деятельности акима и местного государственного управления.

      2. Аппарат акима Жетысайского района не имеет ведомств.

      3. Аппарат акима Жетысайского района осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат акима Жетысайского района является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат акима Жетысайского района вступает в гражданско - правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат акима Жетысайского района имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат акима Жетысайского района по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Жетысайского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акимаЖетысайского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение юридического лица: 160500, Республика Казахстан, Туркестанская область, Жетысайского района, город Жетысай, улица М.Ауезова№20

      10. Настоящее положение является учредительным документом Аппарата акима.

      11. Финансирование деятельности Аппарата акима Жетысайского района осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Аппарату акима Жетысайского районазапрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения "Аппарат акима Жетысайского района".

      Если Аппарату акима Жетысайского района законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа.

      13. Задачи:

      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан;

      2) осуществление мер по укреплению законности и правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно-политической жизни страны;

      3) осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в районе, обеспечение в этих целях согласованного функционирования всех органов исполнительной власти.

      14. Полномочия:

      1) Права:

      представление интересов акима и акимата района;

      направление запросов в пределах компетенции и получение необходимой информации, документов и иных материалов от государственных органов, должностных лиц и других организаций по вопросам компетенции акима и акимата района;

      дача необходимых поручений руководителям организаций, расположенных на территории района, по вопросам своей компетенции (по согласованию);

      взаимодействие с другими органами государственного управления, органами общественного самоуправления и другими организациями по вопросам повышения эффективности управления на соответствующей территории;

      осуществление иных прав в соответствии с действующим законодательством.

      2) обязанности:

      соблюдение норм действующего законодательства Республики Казахстан;

      качественное и своевременное исполнение актов и поручений Президента, Правительства и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области;

      оказание помощи акиму, акимату района в обеспечении проведения общегосударственной политики исполнительной власти наряду с интересами и потребностями развития соответствующей территории;

      иные задачи предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      16. Функции:

      1) проводит анализ состояния исполнительской дисциплины в структурных подразделениях государственного учреждения "Аппарат акимаЖетысайского района", исполнительных органах, финансируемых из местного бюджета;

      2) планирует проведение заседаний акимата, совещаний, семинаров и других мероприятий, организует их подготовку и проведение, по предложению членов акимата и руководителей исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, составляет ежеквартальный перечень вопросов для рассмотрения на заседаниях акимата;

      3) ведет делопроизводство акимата и обработку корреспонденции, поступающей в акимат, акиму, обеспечивает сбор, обработку информации, поступающей из других государственных органов и организаций, а также обращений физических и юридических лиц по вопросам, относящимся к компетенции акимата и акимаЖетысайского района;

      4) организует и обеспечивает подготовку проектов постановлений акимата, решений и распоряжений акима, приказов руководителя государственного учреждения "Аппарат акимаЖетысайского района";

      5) осуществляет контроль за исполнением актов и поручений Президента, Правительства и центральных государственных органов Республики Казахстан, а также акима и акимата области, района;

      6) обеспечивает взаимодействие и координацию деятельности органов государственного управления, подчиненных акиму района;

      7) обеспечивает непосредственное участие юридической службы в разработке нормативных правовых актов акимата, обеспечивает принятие, государственную регистрацию, а также сбор, хранение и учет нормативных правовых актов акима и акимата района;

      8) осуществляет рассмотрение жалоб на административные акты, административные действия (бездействия) вынесенные отделами акимата в порядке, предусмотренном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан;

      9) обеспечивает поддержку и развитие интернет-ресурсаакимата, организующего взаимодействие органов государственного управления с гражданами и юридическими лицами в условиях информационного общества;

      10) осуществляет мониторинг кадров аппарата акима района и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;

      11) осуществляет организацию проведения конкурсов на занятие вакантных административных государственных должностей;

      12) осуществляет организацию деятельности единой дисциплинарной комиссии по рассмотрению дисциплинарных проступков государственных служащих местных исполнительных органов;

      13) осуществляет организацию деятельности единой комиссии по оценке деятельности государственных служащих местных исполнительных органов района;

      14) осуществляет реализацию государственной политики по противодействию терроризму в сфере профилактики терроризма, минимизации и (или) ликвидации его последствий;

      15) осуществляет реализацию государственной политики в сфере гражданской защиты, направленную на предупреждение и ликвидацию чрезвычайных ситуаций и их последствий на региональном уровне;

      16) ведет регистрацию актов, изданных акимом и акиматом, обеспечивает надлежащее оформление и рассылку;

      17) осуществляет документационное обеспечение, в том числе путем организации надлежащего документооборота, внедрения и развития информационных технологий, контроль за соблюдением правил делопроизводства и расширения сферы применения государственного языка;

      18) осуществляет прием, регистрацию и учет обращений физических и юридических лиц, организует личный прием физических лиц и представителей юридических лиц акимом района, заместителями акима района и руководителем Аппарата акима Жетысайского района;

      19) осуществляет контроль за качеством, сроками рассмотрения обращений физических и юридических лиц, поступающих в акимат района;

      20) осуществляет внутренний контроль за качеством оказания государственных услуг отделами акимата и их подведомственными организациями;

      21) осуществляет реализацию на местном уровне государственной политики в сфере информационных технологий и информационной безопасности;

      22) проводит мероприятия по реализации антикоррупционной политики государства на региональном уровне;

      23) осуществляет формирование базы данных лиц, награждаемых государственными наградами;

      24) обеспечивает организацию проведения выборов Президента Республики Казахстан, депутатов мажилиса Республики Казахстан, районного маслихата, акимов сел и сельских округов, осуществляет ведение списков избирателей;

      25) осуществляет реализацию государственной политики в сфере общественных отношений, связанных с участием присяжных заседателей в уголовном судопроизводстве посредством ведения и обеспечение актуализации предварительных списков кандидатов в присяжные заседатели;

      26) реализует государственную политику в сфере административно-территориального устройства, вносит предложения в акимат области об изменении административно-территориального устройства района;

      27) осуществляет иные функции в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенцией.

      28) обеспечивают соблюдение единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, требований по управлению данными.

3. Статус, полномочия руководителя государственного органа

      17. Руководство Аппаратом акимаЖетысайского районаосуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акимаЖетысайского района" задач и осуществление им своих функций.

      18. Руководитель Аппарата акимаЖетысайскогорайонаназначается на должность и освобождается от должности акимомЖетысайского района.

      19. Полномочия руководителя Аппарата акимаЖетысайского района:

      1) представляет государственное учреждение "Аппарат акимаЖетысайского района" в государственных органах, иных организациях независимо от форм собственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      2) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Аппарат акимаЖетысайского района";

      3) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении "Аппарат акимаЖетысайского района", несет персональную ответственность за непринятие надлежащих антикоррупционных мер;

      4) организует и руководит работой государственного учреждения "Аппарат акимаЖетысайского района" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных задач и функций;

      5) издает приказы;

      6) подписывает служебную документацию;

      7) назначает, освобождает, налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры поощрения в отношении работников государственного учреждения "Аппарат акима Жетысайского района", осуществляющих техническое обслуживание и обеспечивающих функционирование государственного учреждения "Аппарат акима Жетысайского района" и не являющихся государственными служащими, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;

      8) осуществляет личный прием физических лиц и представителей юридических лиц;

      9) осуществляет иные полномочия в соответствии законодательством Республики Казахстан по вопросам, отнесенным к его компетенции.

      Исполнение полномочий руководителя Аппарата акимаЖетысайскогорайонав период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      19. Аппарат акима Жетысайского района возглавляется руководителем государственного учреждения "Аппарат акима Жетысайского района", назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      20. Аппарат акима Жетысайского района может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством. Имущество Аппарата акима Жетысайского района формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Аппаратом акима Жетысайского района, относится к коммунальной собственности.

      22. Аппарат акима Жетысайского районане вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Аппарата акима Жетысайского района осуществляются в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан.