"Келес ауданы әкімдігінің дербес бөлімдерінің ережелерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" аудан әкімдігінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 74 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 10 тамыздағы №4 "Келес ауданы әкімдігінің дербес бөлімдерінің ережелерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы 1-қосымшасымен бекітілген "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Келес ауданының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Сариевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Агибаев

  Келес ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "03" сәуірдегі
№74 қаулысына қосымша
  Келес ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "10" тамыздағы
№4 қаулысына қосымша

"Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.

      3. "Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160905, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 105/1.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы ереже "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекетік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндетіне әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, психологиялық көмектер және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жатады.

      16. Функциялары:

      1) аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отырады;

      2) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк және қайырымдылық көмек көрсетудi ұйымдастырады;

      3) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;

      5) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

      6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      7) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асырады;

      8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      11) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      12) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

      13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

      14) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      15) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;

      16) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

      17) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;

      18) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;

      19) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;

      20) мемлекеттiң кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.

      21) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Қазыналы қария – тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүзеге асырады.

      22) "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2 )тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек көрсетеді;

      23) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;

      24) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу функцияларын жүзеге асырады.

      25) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді.

      26) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді.

      27) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз етеді;

      28) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.

      29) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен мiндеттерi:

      1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;

      2) "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

      5) "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Келес ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

      3) сенімхаттар береді;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      7) мемлекеттік мекемеде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

      11) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Қазыналы қария – тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорын тағайындайды және қызметінен босатады.

      12) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын тағайындайды және қызметінен босатады.

      "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Қазыналы қария – тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

О внесении изменение в постановление акимата района от 10 августа 2018 года № 4 "О некоторых вопросах утверждения положений самостоятельных отделов акимата Келесского района"

Постановление акимата Келесского района Туркестанской области от 3 апреля 2024 года № 74

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года №590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат Келесского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата района от 10 августа 2018 года №4 "О некоторых вопросах утверждения положений самостоятельных отделов акимата Келесского района" следующее изменение:

      изложить Положение о государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" в новой редакции, утвержденное приложением 1 к пункту 1 указанного постановления.

      2. Государственное учреждение "Аппарат акима Келесского района" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) после официального опубликования настоящего постановления его размещение на интернет-ресурсе акимата Келесского района.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Д.Сариева.

      4. настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Ж.Агибаев

  Приложение к постановлению
акимата Келесского района
от "03" апреля 2024 года №74
  Приложение к постановлению
акимата Келесского района
от "10" августа 2018 года №4

Положение о государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" является государственным органом Республики Казахстан осуществляющим руководство в сфере занятости, социальных программ, предоставления специальных социальных услуг.

      2. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      7. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение юридического лица: 160905, Республика Казахстан, Туркестанская область, Келесский район, село Абай, улица Т.Рыскулова 105/1.

      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района".

      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" осуществляется из местного бюджета.

      13. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района".

      Если государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функций, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района": реализация государственной политики в сфере занятости, социальных программ, предоставления специальных социальных услуга

      15. Задачи:

      основной задачей государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" "относятся назначение и выплата социальных пособий, реализация социальных программ, выдача, продление и отзыв разрешений трудовым иммигрантам, оказание психологической помощи и специальных социальных услуг в соответствии с Законом Республики Казахстан" О профилактике бытового насилия".

      16.Функции:

      1) ежегодно определяет целевые группы, проживающие на территории района, и социальных меры по их защите;

      2) организует оказание социальной и благотворительной помощи лицам с инвалидностью;

      3) содействует деятельности учреждений и органов, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно-правового воздействия;

      4) координирует оказания социально-правовой и иной помощи лицам, состоящим на учете службы пробации, в соответствии сзаконодательством Республики Казахстан;

      5) обеспечивает предоставление специальных социальных услуг лицам, освобожденным из учреждений, состоящим на учете службы пробации, признанным лицами, находящимися в трудной жизненной ситуации, в соответствии с законодательством Республики Казахстан о специальных социальных услугах;

      6) оказывает в пределах компетенции государственные услуги, оказываемых в электронной форме, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      7) осуществляет другие мероприятия, способствующих занятости населения;

      8) реализует государственную политику в сфере предоставления специальных социальных услуг;

      9) обеспечивает создание и деятельность субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги, находящихся в их ведении;

      10) организует кадровое обеспечение субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги, профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации социальных работников;

      11) обеспечивает проведение анализа потребностей населения в специальных социальных услугах;

      12) осуществляет государственные закупки, а также размещает государственный социальный заказ по предоставлению специальных социальных услуг и услуг по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах;

      13) принимает меры по развитию системы предоставления специальных социальных услуг;

      14) взаимодействует с физическими и юридическими лицами и государственными органами по вопросам предоставления специальных социальных услуг;

      15) разрабатывает правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан на основе типовых правил, утверждаемых Правительством Республики Казахстан;

      16) реализует в пределах своей компетенции государственную политику в области миграции населения;

      17) оказывает жилищную помощь за счет бюджетных средств;

      18) участвует в профилактике чрезвычайных ситуаций социального характера, а также минимизации и (или) ликвидации их последствий на территории района;

      19) осуществляет мониторинг социальной напряженности и рисков возникновения трудовых конфликтов;

      20) осуществляет функции государства по опеке и попечительству в отношении совершеннолетних.

      21) Осуществляет руководство коммунальным государственным учреждением "Центр оказания социальных услуг "Заветное старчество-равноправное общество" отдела занятости и социальных программ Келесского района.

      22) Оказывает социальную помощь лицам, указанным в подпункте 2) статьи 10, подпункте 2) статьи 11, подпункте 2 )статьи 12 и подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах";

      23) создает организации по оказанию помощи в соответствии с Законом Республики Казахстан "О профилактике бытового насилия";

      24) осуществляет выдачу, продление, отзыв разрешения трудовому иммигранту.

      25) обеспечивает санаторно-курортное лечение лиц с инвалидностью в соответствии с индивидуальной программой.

      26) обеспечения лиц с инвалидностью техническими вспомогательными (компенсаторными) средствами и (или) специальными средствами передвижения в соответствии с индивидуальной программой;

      27) обеспечения услугами индивидуального помощника для лиц с инвалидностью первой группы, имеющих затруднение в передвижении, специалиста жестового языка для лиц с инвалидностью по слуху в соответствии с индивидуальной программой;

      28) Назначение социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов.

      29) Осуществляет руководство коммунальным государственным учреждением "Центр поддержки семьи" отдела занятости и социальных программ Келесского района.

      17. Права и обязанности:

      1) организует порядок проведения совещании, участвует в заседаниях акимата района;

      2) обеспечивает освещение деятельности государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района"в средствах массовой информации;

      4) государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" осуществляет полномочия в соответствии с законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, настоящим Положением.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района"задач и осуществление им своих функций.

      19. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района"назначается на должность и освобождается от должности акимом Келесского района.

      20. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия первого руководителя Государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района":

      1) утверждает планы работ государственного учреждения;

      2) действует от имени государственного учреждения;

      3) выдает доверенности;

      4) в установленном законодательством порядке поощряет работников государственного учреждения и налагает на них дисциплинарные взыскания;

      5) издает приказы, подписывает служебную документацию в пределах своей компетенции;

      6) утверждает внутренний трудовой распорядок государственного учреждения;

      7) осуществляет контроль за соблюдением Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" в государственном учреждении;

      8) осуществляет личный прием граждан;

      9) осуществляет полномочия, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан;

      10) несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства.

      11) Назначает и освобождает от должности директора Центра оказания социальных услуг "Заветное старчество-равноправное общество" отдела занятости и социальных программ Келесского района.

      12) Назначает и освобождает от должности директора "Центр поддержки семьи" отдела занятости и социальных программ Келесского района.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" относится к коммунальной собственности.

      25. Государственное учреждение "Келесский районный отдел занятости и социальных программ" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Келесского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения"Отдел занятости и социальных программ Келесского района"

      1. Коммунальное государственное учреждение "Центр социального обслуживания "Заветное старчество-равноправное общество" отдела занятости и социальных программ Келесского района.

      2. Коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи" отдела занятости и социальных программ Келесского района.