"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 11 қаңтардағы қорытындысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келес ауданы Ұшқын ауылдық округінің Қоралас ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1)Жартытөбе көшесін Сегіз сері көшесіне;
2)Жантақсай көшесін Наурызбай батыр көшесіне;
3)Ащысай көшесін Қазыбек би көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұшқын ауылдық округінің әкімі | О.Саттаров |