2025 жылы Өскемен қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру және ветеринария саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 қарашадағы № 27/3-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01 2025 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8, 9 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85702 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2025 жылы Өскемен қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру және ветеринария саласындағы мамандарға:

      1)көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

      2) ауылдық елді мекендерге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға келген мамандар үшін әлеуметтік қолдау - айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш

О предоставлении в 2025 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Усть-Каменогорска

Решение Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 22 ноября 2024 года № 27/3-VIII

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2025.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", пунктами 8, 9 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером № 85702), Усть-Каменогорский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2025 году меры социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Усть-Каменогорска:

      1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;

      2) социальную поддержку для специалистов, прибывших в сельские населенные пункты на приобретение или строительство жилья – бюджетный кредит в сумме, не превышающей две тысячи кратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2025 года.

      Председатель Усть-Каменогорского городского маслихата А. Светаш