Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Риддер қаласының аумағында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф мынадай мөлшерде белгіленсін:
1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы электрондық төлем жүйесі арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз ақы төленген кезде, ересектерге - 130 (бір жүз отыз) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген кезде ересектерге - 150 (бір жүз елу) теңге.
2. Мынадай бағыттар бойынша жолаушылар мен багажды қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтер белгіленсін:
1) № 162 маршрут "Риддер қаласының автостанциясы - Поперечное ауылы" ересектерге - 600 (алты жүз) теңге;
2) № 165 маршрут "Риддер қаласының автостанциясы - Бутаково ауылы" ересектерге - 450 (төрт жүз елу) теңге.
3. Жеті жасқа дейінгі балалардың жол жүруі тегін, жетіден он бес жасқа дейінгі балалардың жол жүруі - ересектерге белгіленген тарифтің - 50%.
4. Жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі бұзылған жағдайда, көлік карталары арқылы ақы төлеуді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүруге құқылы.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қаулы қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Д. Рахметкалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" Риддер қалалық мәслихатының төрағасы |
Е. Нужных |