Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 01-03/VIII-19-2/1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қоса беріліп отырған "Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары" бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Е. Загипаров

  Зайсан аудандық мәслихатының
2024 жылғы 11наурыздағы
№01-03/VIII-19-2/1 шешімімен
бекітілген

Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және Зайсан қаласы және ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Зайсан қаласының, ауылдық округтердің аумақтары учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көп пәтерлі үйлер болған кезде көп пәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе әлеуметтік желілерде немесе ақпараттық тақталарда хабарландыру жазу арқылы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      8. Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде елу пайызынан астамы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      10. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      Хаттамада:

      1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      11. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Зайсан аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      12. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      13. Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      14. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы хаттаманы тіркеу үшін тиісті қала, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

3 тарау. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

   Рет саны

Қала ,ауылдық округтер

Өткізілетін бөлек жиындар саны

Әрбір бөлек жиын ұсынатын өкілдер саны

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің саны (адам)

1

Зайсан қаласы

78

3

234

2

Айнабулақ ауылдық округі

27

3

81

3

Сарытерек ауылдық округі

25

3

75

4

Қаратал ауылдық округі

40

3

120

5

Дайыр ауылдық округі

30

3

90

6

Біржан ауылдық округі

17

3

51

7

Кеңсай ауылдық округі

27

3

81

8

Қарабулақ ауылдық округі

25

3

75

9

Шілікті ауылдық округі

20

3

60


Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Зайсанского района

Решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 11 марта 2024 года № 01-03/VIII-19-2/1

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Зайсанский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые к настоящему решению "Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Зайсанского района".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Е. Загипаров

  Утверждено решением
№01-03/VIII-19-2/1
Зайсанского районного маслихата
от 11 марта 2024 года

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Зайсанского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Зайсанского района разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года №122 и устанавливает порядок проведения раздельных сходов местного сообщества для жителей города Зайсан и сельских округов и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в схода местного сообщества.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) города районного значения, села, поселка, сельского округа, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества),проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества на территории города Зайсан, сельских округов разделяются на участки (села, микрорайоны, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Аким города Зайсан и акимы соответствующего сельского округа созывает и организует проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимами города Зайсан и акимами соответствущих сельских округов не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации, путем размещения обьявления социальных сетях или информационных досках.

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома.

      8. Не допускается участие в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетних лиц, лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы по приговору суда

      9. Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее пятидесяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, микрорайоне, улице, многоквартирном доме.

      10. Раздельный сход местного сообщества открывается акимам города Зайсан и акимами соответствующих сельских округов или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким города Зайсан и акимы соответствующего сельского округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      Протоколе указываются:

      1) дата и место проведения раздельного схода местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

      11. Кандидатуры представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным Зайсанским районным маслихатом.

      12. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      13. Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      14. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима соответствующего города районного значения, села, сельского округа для регистрации.

Глава 3. Определение количества представителей жителей сел, микрорайона, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходе местного сообщества

   №

Город районного значение, сельские округа

количество проводимых раздельных сходов

количество представителей, представляющих каждый раздельный сход (человек)

количество представителей жителей села,микрорайона,улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества (человек)

1

город Зайсан

78

3

234

2

Айнабулакский сельский округ

27

3

81

3

Сарытерекский сельский округ

25

3

75

4

Каратальский сельский округ

40

3

120

5

Дайырский сельский округ

30

3

90

6

Биржанский сельский округ

17

3

51

7

Кенсайский сельский округ

27

3

81

8

Карабулакский сельский округ

25

3

75

9

Шиликтинский сельский округ

20

3

60