Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-1 бабына сәйкес, "SUNQAR Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 75 өтініші негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "SUNQAR Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2030 жылғы 26 қаңтарға дейінгі мерзімге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесін меншік иелері мен пайдаланушылардан алып қоймай, жалпы алаңы 815 гектар жер қорының есеп кварталы 05-079-022 жеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "SUNQAR Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңнамаға сәйкес, жер пайдаланушылармен жеке сервитутты белгілеу туралы шарттарда бекітілген, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де шарттарды, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орнын анықтасын.
3. "Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Болатқанға жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданының әкімі | Д. Рахметқалиев |