Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы | М. Желдыбаев |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/2-VIII шешіміне қосымша |
Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтардың жинақталу объектісі | Есеп бірлігі | Жылдық мөлшерлеме, 1 есеп бірлігіне текше метр |
1 | Абаттандырылған және абаттандырылмаған үйлер | 1 тұрғын | 2,61/2,95 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да осындай объектілер | 1 орын | 2,43 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,17 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,28 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,9 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келу | 1,36 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері | 1 төсек-орын | 1,17 |
8 | Мектептер және басқа оқу орындары | 1 оқушы | 0,2 |
9 | Мейрамханалар, кафелер, басқа да ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,92 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казинолар, ойын автоматтары залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 төсек-орын | 0,14 |
11 | Музейлер, көрмелер | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,05 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,11 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,09 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіптік дүкендер, аралас дүкендер | 1 м2 сауда алаңы | 0,41 |
15 | Машиналардан сауда жасау | 1 м2 сауда орны | 1,61 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | 1 м2 сауда алаңы | 0,57 |
17 | Көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,14 |
18 | Тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету | Жалпы ауданы 1 м2 | - |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,07 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,58 |
21 | Дәріханалар | 1 м2 сауда алаңы | 0,70 |
22 | Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, АЖС | 1 машина орны | 2,48 |
23 | Автокөлік шеберханалары | 1 қызметкер | 2,35 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,4 |
25 | Шаштараздар, сұлулық салондары | 1 жұмыс орны | 2,6 |
26 | Кір жуу, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,6 |
27 | Зергерлік, аяқ киім, сағат жөндеу шеберханалары | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,51 |
28 | Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттерді дайындау және т.б.) | 1 жұмыс орны | 2,74 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,21 |
30 | Қала аумағында заңды ұйымдастыратын жаппай іс-шаралар, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,02 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |