Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 наурыздағы № 55 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 344 "Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33314 тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қазандағы №239 "Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н.Төреғалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2024 жылғы " " ________№
қаулысына қосымша

Арнайы комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) арнайы комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала), тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.

      4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      5. Комиссияның қызметін бақылауды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.

2-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      6. Комиссияның негізгі міндеті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағының негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.

      7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, осы ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.

      9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.

      10. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары төраға болып табылады.

      Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      11. Жергілікті уәкілетті орган - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссия хатшысының міндеті осы бөлімнің маманына жүктеледі.

      12. Комиссия жергілікті уәкілетті органнан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.

      13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

      14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

      15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде жергілікті уәкілетті органға беріледі.

      Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.

      16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес бекітетін әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.

  Арнайы комиссия туралы
Ережеге қосымша
  нысан

Арнайы комиссияның қорытындысы 20____ ж. "____" ________ № ____

      Арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, адамға (отбасыға) мұқтаж болуына байланысты төмендегідей себептер бойынша:

      __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы) әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Әлеуметтік көмек мөлшері ____________ ________________________ теңге.

      (сомасы жазбаша)

      Комиссия _______________________________________________төрағасы:

      Комиссия _______________________________________________мүшелері:

      _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә. (бар болса)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ____ данада 20__ ж. "___"

      ________ қабылданды.

      _____________________________________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған жергілікті уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы, қолы.

Об утверждении Положения о специальной комиссии

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 10 марта 2024 года № 55

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года №523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 17 августа 2023 года №344 "Об утверждении Типового положения о специальной комиссии" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 33314) акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о специальной комиссии.

      2. Государственному учреждению "Управление координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке обеспечить направление настоящего постановления на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Отменить постановление акимата Западно-Казахстанской области от 29 октября 2013 года № 239 "Об утверждении Положения о специальной комиссии".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Западно-Казахстанской области.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Н. Турегалиев

  Приложение
к постановлению акимата
Западно-Казахстанской области
от " " _________ 2024 года №

Положение о специальной комиссии

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о специальной комиссии (далее - Положение) определяет статус и полномочия специальной комиссии по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан.

      2. Основные понятия, используемые в настоящем Положении:

      1) специальная комиссия (далее - Комиссия) - комиссия, создаваемая решением акима района (города областного значения), по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      2) уполномоченный государственный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования.

      3. Комиссия является постоянно действующим коллегиальным органом на территории района (города областного значения). Комиссия организовывает свою работу на принципах открытости, гласности, коллегиальности и беспристрастности.

      4. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      5. Контроль за деятельностью Комиссии осуществляет заместитель акима района (города областного значения), курирующий вопросы социальной защиты.

Глава 2. Задача и функция Комиссии

      6. Основной задачей Комиссии является определение нуждаемости граждан в социальной помощи согласно перечню оснований отнесения граждан, к категории нуждающихся утверждаемому местным представительным органом в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      7. Основной функцией Комиссии является вынесение заключения о необходимости оказания социальной помощи (далее - заключение), с указанием размера социальной помощи в каждом отдельном случае, по форме согласно приложению к настоящему Положению.

Глава 3. Организация деятельности Комиссии

      8. Комиссия осуществляет свою деятельность на безвозмездной основе.

      9. В состав Комиссии включаются представители заинтересованных структурных подразделений местного исполнительного органа, в том числе организаций и уполномоченных органов образования, здравоохранения, социальной защиты, работников правоохранительных органов, общественных объединений.

      Комиссия состоит из председателя, секретаря и членов комиссии. Общий состав Комиссии не менее семи человек.

      10. Председателем является заместитель акима района (города областного значения) курирующий вопросы социальной защиты.

      Председатель организует работу Комиссии и обеспечивает своевременное и качественное выполнение задач и функций, возложенных на Комиссию настоящим Положением.

      11. Рабочим органом Комиссии является местный уполномоченный орган - отделы занятости и социальных программ района (города областного значения).

      Обязанности секретаря Комиссии возлагаются на специалиста данного отдела.

      12. Комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения полного пакета документов от местного уполномоченного органа рассматривает представленные документы и путем открытого голосования принимает решение о необходимости оказания социальной помощи.

      13. Решение Комиссии правомочно при наличии двух третей от общего числа ее состава.

      14. Решение Комиссии считается принятым, если за него подается большинство голосов от общего количества членов комиссии. В случае равенства голосов голос председателя Комиссии считается решающим.

      15. Принятое решение Комиссии оформляется в форме заключения и в срок, указанный в пункте 12 настоящего Положения, передается в местный уполномоченный орган.

      При положительном заключении указывается размер социальной помощи.

      16. При определении размера социальной помощи Комиссия руководствуется правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утверждаемыми местными представительными органами в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

  Приложение
к Положению о специальной
комиссии
  форма

Заключение специальной комиссии № ___ от "___" ________ 20__ г.

      Специальная комиссия, рассмотрев заявление и прилагаемые к нему документы лица (семьи),

      ____________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при наличии) заявителя) обратившегося за предоставлением социальной помощи в связи с нуждаемостью, выносит заключение о

      ____________________________________________________________________

      (необходимости, отсутствии необходимости) предоставления лицу (семье) социальной помощи по нижеследующей причине:

      ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Размер социальной помощи _________________ ____________________

      тенге.

      (сумма прописью)

      Председатель комиссии: __________________________________________

      Члены комиссии:

      ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ___________________________

      (подписи) (Ф.И.О. (при его наличии)

      Заключение с прилагаемыми документами в количестве ____ штук

      принято "____" __________ 20____ г.

      ____________________________________________________________________

      Ф.И.О. (при его наличии), должность, подпись работника местного уполномоченного органа, принявшего документы.