Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жүз пайыз көлемінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Облыстық мәслихат төрағасы | М. Мұқаев |