Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кар-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне елді мекендердің жерлері санатындағы талшықты-оптикалық желілерді салу және қызмет қөрсету (сервитут) үшін, жалпы көлемі 1,5951 га бөлінбейтін жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (сервитут) құқығы 3 жыл мерзімге Құрманғалиев көшесі мен Шолохов көшесі киылысынан Жұлдыз шағынауданына дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "Орал қаласы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М. Сатқанов |