Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Жәнібек ауданы әкімдігінің Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстеме ақысы 60% пайыздан аспайтын көлемінде белгіленсін.
2. Ынталандырушы үстемеақылар Жәнібек ауданы әкімдігінің Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына, заңгеріне, теологына, есепшісіне, кеңесші мамандарына төленсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Т. Кадимов |