Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Теректі ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 17-9 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 134 "Теректі ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" қаулысымен айқындаған тәртіппен шарттарда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Теректі ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары отыз бес пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Теректі аудандық мәслихатының төрағасы А. Нургалиев

Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Ресурсный центр по работе с молодежью" отдела внутренней политики акимата Теректинского района, финансируемых из местного бюджета

Решение Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 28 августа 2024 года № 17-9

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.04.2024.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" Теректинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить стимулирующие надбавки к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Ресурсный центр по работе с молодежью" отдела внутренней политики акимата Теректинского района, финансируемых из местного бюджета, в размере тридцать пять процентов, на условиях и в порядке, определенных постановлением акимата Теректинского района от 26 июня 2024 года № 134 "Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Ресурсный центр по работе с молодежью" отдела внутренней политики акимата Теректинского района".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 апреля 2024 года.

      Председатель Теректинского районного маслихата А. Нургалиев