Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының аумағында орналасқан 01-275-059-134, 01-275-059-148, 01-275-059-142, 01-275-059-133 кадастрлық нөмірлері бар жалпы ауданы 22088 гектар жер учаскесіне және ауданның запастағы жерлеріне Тeniz Resources Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімге жер учаскесін алып қоймай, жария сервитут белгіленсін.
2. Teniz Resources Ltd жеке компаниясы (келісу бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Д. Қ. Сыздықовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | Е.Жүсіпбеков |