Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Ұлытау облысы әкiмдiгiнің "Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2024 жылғы 16 ақпандағы № 11/01 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |
Ұлытау облысы әкімдінің 2025 жылғы "22" қаңтар № 07/01 қаулысына қосымша 1 |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Елді мекен | Тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың түрлері | |||
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||||
10,5 сағаттық режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар | 9 сағаттық режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар | Жарты күн болатын топтары, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалды даярлық сыныптары | Түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтары | ||
Ауыл | 1 325 | 62 695 | 57 572 | 27 714 | 114 097 |
Қала | 7 249 | 56 327 | 51 911 | 24 884 | 100 831 |
Экологиялық апат аймағындағы өңірлер үшін | |||||
Ауыл | 155 | 74 907 | 68 428 | 32 646 | 139 541 |
Ұлытау облысы әкімдінің 2025 жылғы "22" қаңтар № 07/01 қаулысына қосымша 2 |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Тәрбиеленушілер саны | Айына бір балаға (1-3 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | Айына бір балаға (3-5 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) |
Жезқазған қаласы | ||||
1 | Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | 3 090 | 17 000 | 19 000 |
2 | Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) | 220 | 17 000 | 19 000 |
Сәтбаев қаласы | ||||
1 | Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | 3 204 | 17 000 | 19 000 |
2 | Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) | 0 | 0 | 0 |
Қаражал қаласы | ||||
1 | Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | 520 | 11 000 | 12 000 |
2 | Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) | 215 | 11 000 | 12 000 |
Жаңаарқа ауданы | ||||
1 | Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | 685 | 15 000 | 17 000 |
2 | Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) | 290 | 15 000 | 17 000 |
Ұлытау ауданы | ||||
1 | Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | 285 | 12 000 | 13 000 |
2 | Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) | 65 | 12 000 | 13 000 |