"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 5-тармағына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысының адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиясының ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін
2. Комиссиясының жұмыс органы болып Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы айқындалсын.
3. "Жетісу облысында адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" облыс әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №199 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Исабаев |
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ №____ қаулысына қосымша |
Жетісу облысының адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиясы туралы ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жетісу облысының адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиясы туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Жетісу облысының адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Жетісу облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның міндеттері:
1) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қазіргі ахуалды талдау;
2) мыналар:
заңсыз әкетуге, әкелуге, адам саудасына қарсы іс-қимыл және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері;
адам саудасының жағдайы және осы құбылыстың қауіптілігі, көрсетілген салада бар құқық қорғау шаралары және көмек сұрауға жүгіну мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету;
адам саудасының алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету саласында қабылданған халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;
адам саудасына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға және оларға көмек көрсетуге бағытталған жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
5. Комиссияның функциялары:
1) талап етілетін ақпаратты алу үшін адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілеріне сұрау салуды жіберу;
2) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерін олар жүргізетін жұмыс туралы отырысқа шақыру және тыңдау, сондай-ақ олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) тәуелсіз сарапшыларды, мамандар мен ғалымдарды тарту;
4) адам саудасына қарсы іс-қимыл және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету саласындағы проблемаларды шешуде мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
5) адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3-тарау. Комиссияның құрамы, қызметін ұйымдастыру және тәртібі
6. Комиссия құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен облыс әкімінің өкімімен бекітіледі.
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмыс органы қызметкерлерінің арасынан айқындалады және оның мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және ақпарат, туризм және спорт, ішкі саясат, аумақтық полиция органдарының, прокуратураның, әділет органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпіздік комитетінің Шекара қызметі бөлімшелерінің және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
9. Комиссия төрағасы облыс әкімінің орынбасары болып табылады.
10. Жұмыс органының функциялары жергілікті атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.
11. Комиссия отырысын комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары өткізеді.
12. Комиссияның жұмысы жылдық жоспар негізінде жүзеге асырылады.
13. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
14. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.
15. Комиссияның қызметін үйлестіруді адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.
16. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды, олар хаттама жобасын қоса бере отырып, комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын Комиссия мүшелеріне жолдануы тиіс.
17. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
18. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және осы Ереженің қосымшасына сәйкес көзделген комиссия есебіне-хатқа қоса берілуге тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттама жасалады.
Дауыс беру қорытындылары бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген кезде Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясымен дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жолдайды.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап жолдайды.
19. Дауыс беру парақтарын қоса бере отырып, Комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Жетісу облысының адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы ережеге қосымша |
Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
___________________________________________ Т.А.Ә., лауазымы
№_____ отырыс _____ күні
Сұрақ- | Сұрақтың мазмұны | Шешім жобасы | Комиссия/жұмыс тобы мүшесінің шешімі | ||||
қолдаймын | қолдамаймын | пысықтау | күн тәртібінен алу | ескертпе (егер шешім қолдау тапса толтырылмайды) | |||
1. |
___________________
Қолы
Ескертпе: комиссияның/жұмыс тобының отырысында тікелей толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.