ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 12.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф белгіленсін:
1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 80 (сексен) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 150 (жүз елу) теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2025 жылдың 12 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шахтинск қалалық
мәслихаты