Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 2467,1 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 29 желтоқсанға дейін жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 4895,9546 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 26 қаңтарға дейін жария сервитут белгіленсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес "ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 167,2405 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 12 қаңтарға дейін жария сервитут белгіленсін.
4. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес "ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 3192,1800 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 29 желтоқсанға дейін жария сервитут белгіленсін.
5. "ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
6. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Аманжолов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11/01 қаулысына 1- қосымша |
"ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар |
1 | "Шабанбай би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 09-102-031-140 | 2365,99 |
2 | "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 09-102-014-225 | 101,11 |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11/01 қаулысына 2- қосымша |
"ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар |
1 | "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 09-102-014-224 | 4895,9546 |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11/01 қаулысына 3- қосымша |
"ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар |
1 |
"Қусақ ауылдық округі әкімінің | 09-102-031-148 | 167,2405 |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11/01 қаулысына 4- қосымша |
"ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар |
1 | "Қусақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 09-102-031-148 | 3192,1800 |