Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "AIYRTAS MINING" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылдың 13 қаңтарға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы- 7904,0 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Жер пайдаланушы- "AIYRTAS MINING" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу жұмыстары аяқталғанан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданы әкімінің м.а. | Д. Омаров |