Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 38-бабы 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармағына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Осакаров ауданы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
2. "Осакаров ауданы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғышқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Нурмуханбетов |
Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "18" сәуірдегі № 41/01 қаулысымен бекітілді |
"Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) әлеуметтік және экономикалық процестерді басқару, реформаларды тереңдету жөніндегі Үкімет шараларын іске асыру тетігін жетілдіру, Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің мынадай ведомствосы бар:
Осакаров ауданы әкімдігінің "Осакаров ауданының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық).
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Алаш көшесі, 5 үй.
10. Толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел внутренней политики Осакаровского района".
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу мемлекеттік егемендік, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды шоғырландыру;
2) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың ауданда мемлекеттің ішкі саясатының іске асырылу барысын, сондай-ақ Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Үкіметінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындауын бақылау;
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, "Қазақстан-2050" Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;
4) ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты және объективті зерттеу, жалпылау және талдау;
5) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған социологиялық және саяси зерттеулер жүргізу;
6) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
7) өңірде саяси жоспарлауды жүзеге асыру, аудан әкімінің ішкі саясат саласындағы іс-қимыл жоспарларын әзірлеу.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
ішкі саясат саласындағы реттеу мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасауға;
Бөлім жанынан қолданыстағы заңнамада және Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде көзделген комиссиялар құрылуы мүмкін;
жұмыс істеу үшін қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуға;
қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге міндетті;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады;
2) міндеттері:
жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысуға;
бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөнінде аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғары тұрған органға тиісті ақпарат беруге;
жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
16. Функциялары:
1) әкімдіктің ауданда ақпарат тарату жүйесін жетілдіру, билік органдарының қоғамдық - саяси және экономикалық саладағы қызметі туралы жұмысына қатысу;
2) республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси мәдени іс-шараларды саяси қамтамасыз етуді жүргізеді;
3) әкімдік отырыстарына ауданның ішкі саяси өмірі мәселелеріне материалдар дайындауға қатысу;
4) бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық деректер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
5) саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады;
6) ауданда саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұлттық - мәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен отырыстар, "дөңгелек үстелдер", конференциялар, кездесулер, акциялар және басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру;
7) діни бірлестіктердің қызметін талдау және зерделеу, діни бірлестіктер туралы деректер банкін толықтыру, экстремистер мен шетелдік миссионерлердің діни ортаға енуіне жол бермеу мақсатында олармен байланыста болу, конфессияаралық қақтығыстарға жол бермеу;
8) қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметін талдау және зерделеу, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар туралы
компьютерлік деректер базасын жедел режимде қалыптастыру және қолдау, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинарлар, конференциялар, "дөңгелек үстелдер", акциялар ұйымдастыру және өткізу, ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі бекіткен іс-шаралар қатарын және аудан әкімінің ішкі саясат саласындағы іс-қимыл жоспарын ескере отырып, ауданда ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын медиа - жоспарлауды жүзеге асыру және үйлестіру;
10) мемлекеттік тапсырыстың іске асырылуын ұйымдастыру және бақылау, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық саясат жүргізу;
11) күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша медиа-жоспарларды, пресс-релиздерді дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарының дайджесттерін қалыптастыру;
12) баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу, деректер банкін жедел режимде қалыптастыру және қолдау;
13) ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру, оларды әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
14) "Қазақстан 2030" Стратегиясын, "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытының, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары мен сөз сөйлеулерін, мемлекет, аудан өмірінің ішкі саясатын түсіндіру және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, ішкі саясат басқармасына тоқсан сайынғы талдамалық есептерді дайындау;
15) аудан халқының қоғамдық пікірінің мониторингі, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау;
16) ауданның мекемелерінде, ұйымдарында, оқу орындарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
17) ауданда көрнекі үгіт және жарнама құралдарының қоғамдық-саяси мазмұны мен орналастырылуына мониторинг жүргізу;
18) жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
19) аудан әкімі жанындағы Жастар кеңесінің жұмысына қатысу;
20) жастар арасында қоғамдық-саяси, әскери - патриоттық, мәдени - бұқаралық іс-шаралар өткізуді саяси қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, акциялар, "дөңгелек үстелдер";
21) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру;
22) қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
24) Осакаров ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім Кеңестерімен, аналар кеңестерімен өзара іс-қимыл жасау;
25) мемлекеттің отбасылық-демографиялық саясатын насихаттау, әйелдер мен балаларды отбасындағы, қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған заңдарды күшейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
26) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлім басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
18. Бөлім басшысының өкілеттіктері:
1) Бөлім қызметіне басшылық жасау және оның алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету.
2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады:
3) Бөлім мамандарының, Орталық басшысының міндеттерін айқындайды;
4) орталықтың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
5) заңнамаға сәйкес (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мемлекеттік орган бекітетін лауазымдар номенклатурасына) бөлім қызметкерлерін, Орталық басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлері мен Орталық басшысын көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
7) Бөлімнің актілеріне қол қояды;
8) өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және бағыныстылардың Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады;
9) Бөлімді мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлікі
20. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
Осакаров ауданы әкімдігінің "Осакаров ауданының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.