"Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 61 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4002 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;

      5-тармақтағы "кәсіпкерлік және сауда мәселесі бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;

      12-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) тізбесін Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      15-1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "15-1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді және қайта өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыру бекітілген бағаны белгілей отырып, форвардты қолданумен жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді және өңдеуші кәсіпорындарды форвардтық қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем және өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарымен жүзеге асырылады.";

      15-2-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "15-2. Форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс (қалалық немесе жалпы), республикалық маңызы бар қала, астана халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.";

      келесідей мазмұндағы 15-8-тармақпен толықтырылсын:

      "15-8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (егжей-тегжейі) осы Қағидалармен реттеледі.";

      келесідей мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде бюджеттік қаражаттың 70 (жетпіс) пайызы форвардтық шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына бағытталады";

      18-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "18. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелді) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесінен қалыптастырылады.";

      келесідей мазмұндағы 22-1 және 22-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "22-1. Азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      22-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алу кезінде мамандандырылған ұйым ауылшартауарынөндірушілердің, қайта өңдеу кәсіпорындарының, азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізушілердің (дистрибьюторлардың) қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізеді.

      Егер ауылшартауарынөндіруші (қайта өңдеу кәсіпорны, азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізуші (дистрибьютор)) салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің және мамандандырылған ұйым алдындағы орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқару құжаттары бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың жоқтығы бойынша жиынтық талаптарға сәйкес келсе, онда қаржылық тұрақты болып саналады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области"

Постановление акимата Мангистауской области от 26 февраля 2025 года № 61

      Акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4002) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области, утверждҰнных указанным постановлением:

      подпункты 5) и 6) пункта 2 исключить;

      в пункте 5 слова "по вопросам предпринимательства и торговли" исключить;

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Перечень специализированных организаций, реализующих механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары (далее – специализированная организация), утверждается уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса в соответствии с подпунктом 4-1) пункта 1 статьи 6 Закона.";

      пункт 15-1 изложить в следующей редакции:

      "15-1. В рамках формирования регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров финансирование сельхозтоваропроизводителей и перерабатывающих предприятий для производства социально значимых продовольственных товаров осуществляется с применением форварда с установлением фиксированной цены.

      Форвардное финансирование сельхозтоваропроизводителей и перерабатывающих предприятий для производства социально значимых продовольственных товаров осуществляется на условиях предварительной оплаты в размере не более 70 (семидесяти) процентов от общей суммы форвардного договора и окончательного расчҰта после поставки продукции.";

      пункт 15-2 изложить в следующей редакции:

      "15-2. Объем социально значимых продовольственных товаров, приобретаемых в рамках форвардных договоров, формируется до 50 процентов от трҰхмесячной потребности населения (городского или общего) области, города республиканского значения, столицы на основе регионального спроса в соответствии с решением Комиссии.";

      дополнить пунктом 15-8 следующего содержания:

      "15-8. Особенности (детали) реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары регламентируются настоящими Правилами.";

      дополнить пунктом 17-1 следующего содержания:

      "17-1. При формировании региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров 70 (семьдесят) процентов бюджетных средств направляются на финансирование сельхозтоваропроизводителей и перерабатывающих предприятий в рамках форвардных договоров.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Перечень социально значимых продовольственных товаров, необходимых для закупа в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров формируется из перечня социально значимых продовольственных товаров, утверждҰнного приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 11 мая 2023 года № 166-НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32474).";

      дополнить пунктами 22-1 и 22-2 следующего содержания:

      "22-1. Социально значимые продовольственные товары, приобретаемые в региональные стабилизационные фонды продовольственных товаров, должны соответствовать требованиям технических регламентов.

      22-2. При приобретении социально значимых продовольственных товаров в региональные стабилизационные фонды продовольственных товаров специализированная организация проводит анализ финансовой устойчивости сельскохозяйственных товаропроизводителей, перерабатывающих предприятий, оптовых поставщиков (дистрибьюторов), специализирующихся на реализации продовольственных товаров.

      Сельскохозяйственный товаропроизводитель (перерабатывающее предприятие, оптовый поставщик (дистрибьютор), специализирующий на реализации продовольственных товаров) признается финансово устойчивым, если он соответствует в совокупности условиям по отсутствию просроченной задолженности по налогам и другим обязательным платежам в бюджет, обязательным пенсионным взносам в единый накопительный пенсионный фонд, а также по кредитам (займам), предоставленным банками второго уровня, организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, и неисполненных обязательств перед специализированной организацией, а также неисполненных обязательств по исполнительным документам, ограничений и обременений на имущество субъекта предпринимательства.".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мангистауской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области Н. Килыбай