Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 16, № 17, № 18, № 19, № 20 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2025 жылғы 17 ақпандағы | |
№ 267 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, Промышленная көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0482 гектар, коммуникацияларды (газ құбыры) жүргізу және қызмет көрсету үшін;
2) Қостанай қаласы, Промышленная көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0374 гектар, коммуникацияларды (су құбыры) жүргізу және қызмет көрсету үшін;
3) Қостанай қаласы, Промышленная көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0778 гектар, коммуникацияларды (канализация) жүргізу және қызмет көрсету үшін;
4) Қостанай қаласы, Промышленная көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0944 гектар, коммуникацияларды (электр беру желісінің кабелі) жүргізу және қызмет көрсету үшін;
5) Қостанай қаласы, Промышленная көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0338 гектар, коммуникацияларды (байланыс желісінің кабелі) жүргізу және қызмет көрсету үшін.