Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 706 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне канализациялық коллекторды жүргізу және пайдалану үшін Қостанай қаласы, Кәмшат Дөненбаева көшесі мекенжайында орналасқан, елді мекендердің жері санатынан жалпы алаңы 0,1556 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 8 мая 2025 года № 706

      В соответствии с подпунктом 5-1 статьи 18, пунктом 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить государственному учреждению "Отдел строительства акимата города Костаная" из категории земель населенных пунктов публичный сервитут на земельный участок, расположенный по адресу: город Костанай, улица Камшат Доненбаевой, общей площадью 0,1556 гектар.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата города Костаная" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления в течение пяти рабочих дней со дня подписания на официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Костаная после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Костаная.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким М. Жундубаев