Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы, Железорудная станциясы мекенжайы бойында "Рудный қаласындағы Железорудная станциясын газдандыру құрылысы" жобасы бойынша сыртқы газ құбырларының желілерін төсеу мақсатында көлемі 0,5699 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |