Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы, автовокзал ауданы мекенжайы бойында "Рудный қаласындағы автовокзал ауданына кіреберіс жолдар салу және 1200 орындық мектепті абаттандыру" жобасы бойынша кіреберіс жолдар салу және абаттандыру мақсатында көлемі 0,6467 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |