Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 38 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның отырыс хаттамасынан үзінді қөшірмесінің негізінде Әулиекөл ауылының әкімі ШЕШТІ:
1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекекттік мекемесі "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тілдерді дамыту және аудандық мәдениет үйі" МҚКК сыртқы инженерлі жүйесіндегі газ отынын пайдаланатын блок-модульдік қазандығының құрылысы үшін жалпы ауданы 0,0607 гектар Әулиекөл ауылы, Шақшақ Жәнібек батыр атындағы көшесі аумағында орналасқан жер учаскесіне қоғамдық сервитут белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" ММ интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Шаймерденов |