ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меңдіқара ауданы әкімінің "Меңдіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 12 қазандағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9494 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. № 612 сайлау учаскесі
Шекаралары: Қызылту ауылы.
Учаскенің орналасқан жері: Меңдіқара ауданы, Қызылту ауылы, Алтынсарин көшесі, құрылыс 9/2, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Меңдіқара ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты".";
19-тармақ алынып тасталсын;
23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"23. № 620 сайлау учаскесі
Шекаралары: Ақсуат ауылы.
Учаскенің орналасқан жері: Меңдіқара ауданы, Ақсуат ауылы, Ақсуат көшесі, үй 55, пәтер 1";
34, 35-тармақтары алынып тасталсын;
36-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"36. № 635 сайлау учаскесі
Шекаралары: Көктерек ауылы.
Учаскенің орналасқан жері: Меңдіқара ауданы, Көктерек ауылы, А. Дощанов көшесі, құрылыс 2, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Меңдіқара ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты";
44-тармақ алынып тасталсын.
2. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | А. Каратаев |
Келісілді
Меңдіқара ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы