Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 56-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысаны бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 20 бұйрығымен бекітілген |
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысаны
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысаны (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;
4) тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы ұйымның есебі (бұдан әрі – Есеп) – ұйымның тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратын қамтитын құжат;
5) ұйым – тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төлейтін квазимемлекеттік сектор субъектісі;
6) ұйымның атқарушы органы – алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.
2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты қалыптастыру тәртібі мен нысаны
3. Есепті ұйымның атқарушы органы есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей ұйымның жылдық қаржылық есептілігі, мемлекеттік кәсіпорынның және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің даму жоспарының орындалуы туралы есеп, сондай-ақ ұйымның басқару органдарының таза кірісті бөлу тәртібі бойынша шешімдері негізінде қалыптастырады.
Есеп ұйым тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төлеуден босатылған жағдайда да қалыптастырылады.
4. Ұйым есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 5 (бесінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізу үшін акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есепті, тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты береді.
Есепке түсіндірме жазба қоса беріледі, ол тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдаланудың әрбір бағыты бойынша ақпаратты қамтиды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Есепте тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кірістің бір бөлігінің нақты пайдаланылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
Есеп пен оған түсіндірме жазбаға ұйымның атқарушы органының басшысы қол қояды.
5. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану не мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде ұйымдардың есептерін бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
6. Ұйымның есептері Кодекстің 56-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қосылады.
Қағидаларға қосымша Нысан |
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есебі
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы | Есепті жыл ____________ | ||||
Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс, мың теңге | Оның ішінде пайдаланудың негізгі бағыттары: | ||||
өндірісті дамытуға, мың теңге | инвестициялық жобаны іске асыруға, мың теңге | резервтерді қалыптастыруға, мың теңге | өзге бағыттарға (толық жазылсын), мың теңге | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Басшы: __________________________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)